«4 күндей аш жатқан екен» - Уәлибек пен Әлиевті не байланыстырады? (видео)

Oinet.kz 05-04-2021 3053

"Шаншар" әзіл сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов әкесі мен Мұхтар Әлиевтің арасын байланыстыратын оқиға туралы баяндады. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты. 

Рахат пен Уәлибек.jpg

- Мұхтар Әлиев пен баласы Рахат Әлиев қайтыс боп кетті. Олармен араласымыз жоқ. Ол кісі бір жатақханаға жатқанда Түркістанда учительская школа деген болған, курс. Сонда бірге оқыған. Сонда әкем, 12-14 адам сабанның үстіне жатады екен. Сол кезде сауат ашуға он екі күнге жіберген ғой. Сол кезде әкем Мұхтарға тамақ іш деп берсе ұялған. Сөйтіп Мұхтар терлеп әкеме рақметін айтыпты. Сол кезде 4 күндей ма аш жатқан екен ғой ол кісі. Жетім болған ғой. Сонымен, Әкімқұл мына жақсылығыңды ұмытпаспын деген ғой. Әкем ерте кеп қалған ғой демалыстан. Сонымен екеуі бір-бірімен жақсы араласып дос болды. Медущиличеге түсіп кетті. Содан ол медицина саласын қуып, аяғы Алматыға дейін кетті. Ол кісілер кейінге дейін араласты. Екеуі ғана араласты. Біз бала-шағамызбен, басқамызбен арласқанымыз жоқ. Ол кісі жақсылықты ұмытпайтын кісі еді - деді Уәлибек Әбдірайымов. 

Заттыбек Көпбосынұлының отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
«Әзіл айтпайтын болдым» - белгілі әзілкеш кімнен сөз естіді? (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу