Назарбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасына келген сәтінен қызықты оқиғалар айтылды (видео)

Oinet.kz 23-04-2021 1579

Белгілі әзілкеш Нұрмахан Мұқанұлы Елбасының "Түнгі студия" жобасын қонақ болып келген сәтіндегі қызықты жағдайлармен бөлісті. Бұл туралы ол "Bokey" арнасына берген сұхбаты барысында айтты. 

Елбасы Түнгі студия.jpg

- Негізі көбісі сене бермейді ұсыныс негізі біз тараптан болған. "Түнгі студия" жобасында жүрген кезде ойлайсың ғой енді кімді шақырсақ екен деп. Америкалық нұсқаларда президенттер кеп жатады ғой. Барак Обама, Дональд Трамп келеді деген сияқты. Сосын ойладық, давай Президентті шақырайық деп. Бәрі күлді. Президенттің басқа істейтін шаруасы жоқ па деді. Біз айтамыз, әлемдік формат, практикада бар нәрсе, демек болады. Сонымен біз бірнеше жолдарын ұсындық шақырудың. Бүкіл әлем еститіндей челендж жасаймыз, сол арқылы Президент естиді дедік. Үлкен масштабный Түнгі студияның концертін жасайық, Headliner Президент болсын деген сияқты. Сол ұсыныстарымыздың бірі Елбасыға жеткен. Сосын ол кісі айтқан: Мен үшін арнайылап ештеңе ұйымдастырмай-ақ қойыңдар, өзі өтіп жүрген студияға барам деген. Бірақ, нақты келеді деген ақпарат болған жоқ. Иә, барамын. Бірақ, қашан екені белгісіз. Сонымен 2016 жылдың қараша айында бізде кішігірім демалыс болды. Өйткені, Нұрлан Таиландқа кино түсіруге кетті. Біздің бүкіл авторлық состав демалыста. Астанада мен, администратор ғана қалған. Ұйықтап жатырмын, таңертең маған администратор қыз звондайды: Осы апта бізге Президент қонаққа келейін деп жатыр. Жарайды деп әрі қарай ұйықтай беремін. Бір сағаттан соң оянып, түсімде айтылды ма деп ойланып отырмын. Сосын қайта звондаймын. Сөйтсем, шынымен Президент келеді деп айттым ғой деді.  Сонымен, авторлардың чатына жаздым. Ертең он екіде жиналайық, Президент келейін деп жатыр деп едім. Бәрі қойш Нұрмахан деді. Жұмысқа өйтіп шақырмай-ақ қойшы сенбейміз дейді. До конца сенген жоқ қой. Бір күн қалғанда Нұрлан Таиландтан келді. Авторлардан екеу ғана жүрміз. Бізге келеді, бірақ отырмайды деді. Елбасы келді, қалайсыңдар деді де. Жүр Нұрлан Түнгі студияны жүргізіп тастайық деді. Бірақ, ол сөзін алдыртып тастады. 8 минут отырды. Сол 8 минуттың бәрі эфирге шықты - деді Нұрмахан Мұқанұлы.  

Еске сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы "Түнгі студия" бағдарламасын қонақ болып келген болатын. 

Белгілі әзілкеш сұхбат барысында жылап қалды (видео)
Шымкентке вакцинаның 10 мыңнан аса дозасы жеткізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу