Балаларымен огород тазалаған Қыдырәлі Болманов көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Oinet.kz 07-07-2021

Белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болмановтың балаларымен бірге огород тазалап жүрген видеосы көпшілікті сүйсіндірді. Бұрынғы ауыл көрінісін сағынғанын жеткізген ол видеоны Instagram парақшасында жариялады. 

image.png

- Кешке қарай мал маңырап өрістен келіп,ауыл адамдарының дауыстары араласып,азан-қазан, айғай-шу болып жатушы едік ауылда. Осы огородымызға келген сайын сол ауылым,балалық шақтарым,ата-ана,атам-әжем есіме түседі… Сағынышымды басатын жақсы жер-осы огород. Алла бере салғандарымды еңбекке баулитын жақсы жер де осы. Жер шұқылап, отырып-тұрып,жұмыс істегенге де жақсы. Далада көгалда отырып,пост жазғанда бір жақсы. Бірі жақсы болсын, жақсы адамдарым! - деп жазды ол. 

Бұл видеоны көрген көпшілік оған және отбасына жылы лебіздерін білдіруде. 

- "Ия ауыл кеші көңілді еді ғой. Бөтен қой іздеп жүрген балалар көше- көше аралап", "Қыдырәлі қандай керемет .Айәлөка тәп- тәтті қыздың жүрісін ай", "Еңбек етсең ерінбей, тояды карның тіленбей дегендей, балапандарымыз аман болсын", "Еңбегіңіздің жемісін,ұл-қызыңыздың рахатын көріңіз", "Маңдай тер еңбектеріңнің жемісін, отбас, бала-шағаңмен жегізуді алла нәсіп етсін, Қыдеке", "рас аға,бізде осы бір ай бұрын жер үйге көшіп кеңінен тыныстап жатырмыз. Арам шөбін жулудын өзі кайф кой", "Бауыңыз керемет болып тұр ғой!" - деп жазды олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Танымал блогер 17 сағатта ақша жинап, мұқтаж жанға үй әперді (видео)
Танымал режиссер өмірден өтті


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×