Танымал блогер 17 сағатта ақша жинап, мұқтаж жанға үй әперді (видео)

Oinet.kz 07-07-2021 3164

Танымал қазақстандық блогер Ырысбала Икрамбай тағы бір мұқтаж отбасыға 17 сағатта халықпен бірлесе отырып қаржы жинап, баспана сыйлады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады. 

Ырысбала.jpg

- Халқым, 17 сағатта жиналды Гүлім апаймен ол кісінің балаларына баспана алуға және еміне. Алла қаласа осы жетіп қалады, жеткіземіз.

Баспана мен Ташкентке операцияға. Артық ақша жүрген жерде артық әңгіме де көп болады. Баршаңызға мың алғыс. алла разы болсын.

Алладан еселеп қайтсын, ұрпағыңыз келген қонағына шапан жауып ат мінгізетін,етегіне қошқар байлайтындай халыққа пайдасы тиер дәулетті,салиқалы болсын. Енді салмаңыздар, бұл жолы үлес қоса алмасаңыздар келесі отбасыға қол ұшын берерсіздер. Мен екі-үш күн жоқ боламын іздемеңіздер,өмір бар жерде өлім бар ауылдан Шардарадан суыт хабар келіп жолға шыққалы жатырмын. Алайда командам үй қарап,жұмыс жасайды. Ұзаққа созбай аманаттарыңызды табыстаймын - деп жазды блогер. 

Блогердің сауапты ісіне желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жаудыруда.

- "17сағат сайын жиналып қалады біз мықтымыз рекорд", "Иманды болсын, аман есен барып келіңдер. Жол амандығын берсін. Гүлім апайға жақсы үй табылуына Алла жеңілдігін берсін", "Жарайсыңдар Ырысбаланың оқырмандары Гулім қызымыз баспаналы болатын болды", "Ырысбала иманды болсын. Жарайсың. Алла саған үйіп төгіп береді әлі" - деп жазды олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Рысбала Икрамбай (@irisbala_ikrambai)

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Zhuldyzdy News, VINE's

Айнұр Тұрсынбаева мен Балғынбек Имашевтің әзілі желіні жарды (видео)
Балаларымен огород тазалаған Қыдырәлі Болманов көпшілікті сүйсіндірді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу