«Тағы да айтамын! Мен елден көшпеймін!» - Алтынай Жорабаева

Oinet.kz 19-07-2021 2161

Танымал әнші Алтынай Жорабаева басқа елге көшу ойында жоқ екенін жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Алтынай Жорабаева.jpg

- Көлік айдап келе жатып, өзінен озып кеткен адамды "өлуге асығып қайда барады?", қалып кеткен адамды: "не болды есек құсап,жүрсей" деп сыбап алатын шопырдың мысалы бәріңізге таныс шығар иә?

Оның ойынша, адамдықтың шкаласы, нормасы- Өзі. Одан озған - дүниеқоңыз, қалып қойған - бейқам, жалқау. Негізі, адамзаттың қандай болу керегін, адамдықтың алғышарттарын АЛЛА бізге айтып түсіндіріп қойған. Ол біздің бойымыздағы кемшілікпен немесе артықшылықпен өлшенбейді Менің әрбір ісіме тиістіріп жазып, сынап отырған кез келген адамды да осы шопырдың мысалына теңер едім. Әркімнің өз жылдамдығы, өз нормасы бар.

Мен жұмысымды, тапқан табысымды көрсетіп, сіз де осылай жасап таба аласыз десем, оқырманымның барлығы жаппай соны істеуге міндетті демеймін. Арасындағы табысын көбейткісі келетіндері командама қосылып, кәсібін бастап, нәсібін көріп жүр. Дәл сол сияқты, шет елден үй алу да. Мен алды деп бәріңіз алуға міндетті емессіздер.

Әрқайсысымыз өз көрпемізге қарай көсілеміз. Менің қазағымның ішінде де, ақшасын бір іске салып, елде жүріп-ақ, шет елден үй алып, жалға беріп , табысын еселеп отырғысы келетіндері көп.

Алғаш осы елден пәтер алған кезімде, қанша теңге, қалай алсақ деген сұрақтар көп болды. Міне, соларға пайдалы ақпарат болсын деген оймен түсіріп, көрсетудемін! Оның үстіне, түбегейлі көшкен жоқпын, ешкімді де көшуге үгіттемеді. Өзің келгенде демалып, елде жүргенде арендаға беруіңді де ұйымдастырып беретін @alanyahomes.ru компаниясын Алла маған кезіктіргеніне қуаныштымын.

Біріміз жетістікке жетсек, екіншіміздің ішіміз қылпылдап қалатыны қиын. Айтқыштардың өзіне осы мүмкіндік берілсе, патриот деген шет елден үй алмау керек деп айтар ма екен?

Шет елде нәпақаны тек ән айтып табу керек деген заң жоқ. Ризық әркімге Алланың қалауымен беріледі. Тағы да айтамын! Мен елден көшпеймін! Көшуге үгіттемеймін! Әр қазақтың қалталы болғаны, елден де, шет елден де үйлі болғаны мені қуантады. Елімдегі кәсібім, шет елдегі үйім, жұмысым немесе басқа да нәрселер менің еліме деген махаббатыма, халқыма деген құрметіме шәк түсірген емес. Мен сіздермен бармын, баймын. Баршаңызды жақсы көрем - деп жазды әнші. 

Әншінің бұл ойына желі қолданушылары түрліше пікір білдірді. 

- "Алтынай сенің еңбегіңе алла разы болсын, рахмет білгеніңмен бөлісіп жатқанына , ешкімді тыңдама, бақытты бол!", "Дұрыс айтасың Алтынай пенсияға шыққан соң менде шетелде тұрсам,көрсем деп армандаймын", "Алтынай керемет күшті жансыз,жақсы ғұмыр келіңіздер", "Жүрегі тап- таза жан", "Жақсы, Алтоша жақсы адамсың; Аман бол қайда жүрсеңде, бақытты бол бағың жансын! Жалпы өнер адамы ретінде маған қатты ұнайсың, басқаша білмедім", "Басқалар не деп жазғанын білмеймін, бірақ өзім Алтынай сізді өте қатты құрметтеймін қазақтың ақылды пысық қарапайым қызысыз қаншама іс тындырып жатырсыз, ауылдың жұмысында өте тиянақты істейді екенсіз үй шаруасы бәрі керемет! Қолынан келген адам ғана осылай жасай алады☝️бақытты болуға әбден лайықсыз сүйіктіңізді тапқаныңызға шын жүректен қуандым

Мадина Сәдуақасова Шығыс биін билеп желіде хитке айналды (видео)
Тамара Асардың продюсері әнші мен жұбайы туралы шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу