Танымал актриса тұңғышын дүниеге әкелді (фото)

Oinet.kz 06-08-2021 3345

Белгілі актриса Мадина Оспанова тұңғышын дүниеге алып келді. Қуанышты хабарды ол Instagram парақшасы арқылы хабарлады, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Алғаш рет ана атанған актриса өз қуанышымен бірден оқырмандарымен бөліскен. Ол Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, перзентханада түскен суретін көрсетті. 

- Бұл күнге дейін өмір болмағандай. 24 сағат толғатып, 40 минут бойы босандым. Жаратушыны, өмірді жақсы көремін. Біз ата-ана болдық. Жақсы көремін, - деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары бірден Мадина Оспанованы құттықтап, баласы екеуіне өз ақ тілектерін жолдады. 

- "Құттықтаймыз, бақыттарыңыз баянды болсын", "Аман-есен жаның қалуымен. Бауы берік болсын", "Қандай бақыт. Жарайсың Мадина", "Сіздер үшін сондай қуаныштымыз", "Осы бақыт барлығымызға да бұйырсын", "Бақыт деп осыны айт", - деп жазуда көпшілік. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Оспан Мадина

Бекболат Тілеухан 14 баласының атын атап берді (видео)
Белгілі продюсер Қазақстан мен Түркияны салыстырды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу