Танымал блогер Ішкі істер министріне үндеу жолдады (видео)

Oinet.kz 10-08-2021 2262

Қазақстандық белгілі вайнер, актер әрі жеке кәсіпкер Мейіржан Төребаев ішкі істер министрі мен Алматы қаласының әкіміне үндеу жолдады. Блогер өзінің "әжелерді қағып кетемін" деп мысқылдап түсірген видеосына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Мейіржан Төребаев.jpg

Мейіржан Төребаевтың шағымы полиция қызметкерлерінің назарына іліккен. Оның "әжелерді қағып кетемін" деген сөздері Алматы полиция басшысының орынбасары Рустам Абдрахмановтың ашуын келтірсе керек. Ол өзінің Instagram парақшасында Төребаевтың айтқанына қатысты пікір білдіріп кетті. Өз кезегінде блогер желі арқылы қайтадан байланысқа шығып, өзінің дау тудырған видеосын түсіндірді. Блогердің сөзінше, ол сарказм арқылы бар болғаны Медеуге дейін веложол салып беруді өтінген. 

- "Медеуге дейін веложол салып беріңіздерші, егер ол жолды салмасаңыздар, бізге Терренкур арқылы жүруге тура келеді. Сол жердегі әжелерді қағып кетеміз деп әзіл, сарказм аралас видеоүндеу жолдадым. Себебі Терренкурда велосипедпен жүруге болмайды деген белгі тұр, ол жол жүру ережесінде жоқ белгі. Бұл кісіден күтпедік деп жазыпты. Кешіріңіздер, менен не күтесіздер? Біз сіздерден қауіпсіз қозғалысты ұйымдастырып береді деп күтеміз. Статистика бойынша, үш жылда 100 велосипедшіні көлік қағып кеткен. Өзім түсірген видео бар, қарап көріңіздер", - деп жазған актер. 

Төребаев велосипедшілерді автокөліктер қағып кеткен оқиғаларға бірнеше рет өзі де куә болғанын алға тартты. 

- "Біз де салауатты өмір салтын құптаймыз, мен салық төлеушімін. Құқығым бар. Веложол салып беріңіздерші, ұсақ нәрсе сұрап тұрмыз. Алматы полиция департаменті басшысының тергеу ісі бойынша орынбасары парақшасына жариялаған. Ол жерде маған, менің отбасыма қоқан-лоққы көрсетілуде. Әлдебіреу адамдардың пікіріне жауап беріп, отқа май құйып жатыр. Негізінде біздің құқығымыз бен тыныштығымызды сақтауы керек. Мен не үшін түсініктеме жазамын? Өтінішім үшін бе? Өтінішімді байқамай, сарказмды байқаған. Жоғарыдан келген бұйрық дейді. Қандай жоғарыдан? Екінші, үшінші қабаттан? Аспаннан ба? Кім бұйрық беріп жатыр? Алматы полиция департаменті басшысының орынбасарының парақшасында мен туралы тағы пост шығыпты. Парақшаны өзі жүргізбейтінін сеземін, бірақ парақшасында солай жазулы тұр. Мені шығарып, жауапкершілікке тартудың қажеті жоқ.  Бұл сіздің ісіңіз емес. Блогерлер өз жұмысымен, сіз өз жұмысыңызбен айналысыңыз. Жұмысыңыз көп екеніне сенімдімін. Ішкі Істер Министрін осы жайтқа назар аударуын сұраймын. Кейбір қызметкерлеріңіз арандатумен айналысуда. Маған хабарласып, жазып жатыр, үйдің алдында да біреу жүр. Осының бәрі Алматы полиция департаменті басшысының тергеу ісі бойынша орынбасарының парақшасында болып жатыр. Мені шығарып, оқырман жинап жатқан шығарсыз?! Олай жасамаңыз, сіз адамдарды бір-біріне айдап салып жатырсыз, маған айдап жатырсыз", - деді Мейіржан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Turebayev Meirzhan (@meirzhach_tv)

Жазира Байырбекова мен қызының ерекше образы көпшілікті сүйсіндірді (видео)
Қысқа көйлек киген Ләйлә Сұлтанқызы елдің сынына ұшырады (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу