«Ажырасамын деген ой болған жоқ» - Қыран Талапбек (видео)

Oinet.kz 23-09-2021 4798

Белгілі видеоблогер Қыран Талапбек соңынан айтылатын өсек, әңгімелерге назар салмайтынын жеткізді. Айжұлдыз Адайбековамен ажырасқаннан кейін өзі жайлы айтылатын өсек-аяндарға көңіл бөлмейтінін баяндады. Бұл туралы ол «Bokey Vlog» ютуб каналына берген сұхбаты барысында айтты.

image.png

- Қалай елестетесің, мен мына жақта "е жоқ, менің шындығым бар". Не істеймін, әйелдердің әңгімесіне араласып. Болды. Кім ажырасамын деп үйленеді? Үйленгенде ажырасамын деген ой болған жоқ қой. Айтқан әңгімелердің біразы шын. Бұл жерде әсірелеп айту деген зат бар. Арасына ашумен өтірік қосылады. Оған кеткен энергиямды жұмысыма жұмсамаймын ба? Жұмысыма жұмсасам, көлік алам, Роллс ройс алам. Ертең мені жамандап отырған адамдар маған ролс алып бермейді, бензин құйып бермейді, олар менің бизнес класымды төлеп бермейді, олар менің әке-шешемді шетелге жібермейді. Оларды өзім жіберемін. Әуелі Алла! Олардың әңгімесі айтылады, ұмытады. Бұл жағдайдан кез келген нәрсеге эмоцияға берілмей дегенді үйрендім. Эмоцияға берілмеу деген нәрсені хейт келгенде түсіндім - деді ол.

«Сондаймын, мамамның баласымын мен» - Қыран Талапбек (видео)
«Айжұлдызға бақыт тілеймін!» - Қыран Талапбек (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу