Ағаларым төркініме сыйғызбайды

Oinet.kz 15-10-2022 1735

Өмірде мен ғана бақытсыз, мен ғана жолы болмаған бейбақ сияқтымын. Айналамдағылардың бәрі бақытты. Қамсыз, уайымсыз. Риясыз күле алады. Ал мен жалғызсырап қиналып жүрмін...

Screenshot_1.png

Жолдасым үнемі ұрып, қыспақ көрсете бергесін міне бір ай болды, төркінімдемін. Ұнатпай шықтым. Бір көрдім, екінші көргенде алып кетті. Оның өзінде сезім болды ма, мені ұнатты ма, оны да білмеймін. Бар білетінім күйеуімнің аузы ішімдіктен босамайды. Ерлі-зайыпты болып шүйіркелесіп бір дастархан басында шәй ішкен емеспіз.

Үйге келген соң күйеуім кешірім сұрап артымнан іздеп келмеді. Бір-ақ рет келді,онда да мас болып келіп аузына келгенді айтып кетті.

Ал туған ағаларым “Барасың, өз тапқан байың. Біз қосқан жоқпыз. Байдан қайтып келген деп біздің атымызды шығарасың” деп күнде айқайлайды.

Әр адамның өз құқығы бар ғой, бірақ менің жәйім ешкімді алаңдатпайды. Ертеңгі күнім не болмақ? Елдің сөзінен қорқып аз ғана ғұмырды жылап өткіземін бе? Әке-шешем болғанда бұлай қиналмас па едім? Анам болса маңдайымнан сипар ма еді?

Күйеуімнен қатты қорқамын. Ол өте дөрекі адам, өлтіріп тастаудан да тайынбайды. Өзімді құны жоқ, арзан бірдеңе сияқты сезінемін.

Мені ол үйге шашыңды жұлып отырып апарып береміз дейді. Олай болып жатса, мына өмірмен қоштасамын ба, басқа амал көрмей тұрмын...

Мейрамгүл

Жаңа-Өзен қаласы

Қыз күйімде тұрмысқа шығып, қыз болып ажырастым
Нағашы ағамның қорлығы өтіп кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу