Рахман Омар: «Жұмбақ өлім болды» (видео)

Oinet.kz 27-10-2021 2934

Танымал актер Рахман Омар бұдан үш жыл бұрын кісі қолынан қайтыс болған бірінші әйелі Гүлдерайым Омарованың ісіне қатысты өз ойын айтты. Hit TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында ол балаларын анасының өліміне бір ғана адамның қатысы барына сенбейтінін жеткізді. 

image.png

2018 жылдың маусым айында Рахман Омардың бұрынғы әйелі, үш ұлының анасын белгісіз біреулер өлтіріп кеткені хабарланған. Артынша күдікті ретінде оны пәтерін жалға алған қыздардың бірі ұсталған болатын. Кейін ол кінәлі деп танылып, ол 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Алайда актердің өзі бұрынғы жұбайының өліміне себеп болған бір ғана адам екеніне сенбейді. Айтуынша, айыпталған ару жазасын жеңілдету үшін екінші себепкердің кінәсін өз мойнына алуы мүмкін. 

- Жұмбақ өлім болды. Барлығына топырақ шашқым келмейді, бірақ бұл жерде біздегі ішкі істер саласының әлсіздігі дер едім. Ол кісінің өлімі барлығымызға ауыр тиді. Іс қозғалмай қойды. Өлтіріп тұрған адам табылып тұр. Қалай болса да, мән-жайды айтқызудың жолдары бар ғой. 16 жылды арқалап кетті. Бірақ ішкі түйсігім айтады, қасында тағы бір адам болған деп. Оны байқатпай, өзімен бірге алып, жұтып кетті. Ол адам егер айтылса, топпен жасалған қылмыстың жазасы 21 жылдан жоғары екен - дейді ол. 

Десе де, отбасындағы бұл қайғылы жайттың артты қуанышқа ұласып, актер биыл келінді болған. Тұңғыш ұлының шаңырақ көтеріп, отбасылы болғанын көңіліне медет тұтқан өнер иесі марқұм бірінші жұбайынан ұрпақ қалғанына қуанамын, дейді ол. 

- Сондай бір үлкен сынақ болды. Құдайға шүкір, ұрпақ бар. Балалар өсіп жатыр. Қайғыдан кейінгі алғашқы қуанышымыз - той болайын деп тұр - дейді Рахман Омар.

Тамара Асар мен жолдасының суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото, видео)
Сырқаттанып қалған немересімен қауышқан Нұртас Айдарбеков көз жасын тыя алмады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу