Тамара Асар мен жолдасының суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото, видео)

Oinet.kz 27-10-2021 7828

Отандық танымал әнші Тамара Асар жолдасы және қызымен түскен ерекше суретін жария етті. Жақында ғана босанған өнер иесі нәрестесі қырқынан шыққан бойда алыс жолға шығып кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Тамара Асар отбасылық фотосын Instagram парақшасында бөліскен. Онда ерлі-зайыптының қыздарымен серуендеп жүргенін көруге болады. Оған қоса, эстрада жұлдызы сәбиі қырқынан шыққан бойда қонаққа шақырту алып, алыс жолға шыққанын айтты. Жұлдызды ана бұл қадамға бармас бұрын алдымен жолдасының рұқсатын алған. 

- Бала қырқынан шыққасын қырық қадам… “-деп қазақ бөпеге “биссимілләсін”айтып, көзмоншағын тағып, арнайы үйден шығарып, етене ең жақын туысына қонаққа апарған. Жаңадан туған нәрестені барынша алғашқылардың бірі болып шақырғандардың үйіне құт келеді, береке келеді, сәби күтіп жүргендер сәбилі болады,ұлы үйленбей,қызы тұрмыс құрмай отырғандарға жақында жақсы жаңалық болады ,несібе мол болады деген наным-сеніммен ырымдап баланы үйлеріне шақыруға асығып,кейде ағайын-туыс өзара таласатын да болған… Бөпені қонақ қылып, қонақасы беріп,анасына да,баласына да сый-сыйяпатын жасап,бұйым-қызметін сұрап, егер бұйым-қызметі болса оны орындап, алғашқы қадамына бата-тілегін аямай жаудырып, тіпті баланың сол үйге келген кезде қаншалықты аз-көп дәрет сындырғанын құрмет тұтып,құтқа балап,оны кейбір сәби күткендер ырымдап өздеріне алып қояды. Күтпеген жерден ауылға қарай қуанышты шақырту алдым. Бөркімді аспанға атып, қатты қуанып жатып, сол секундта үстімнен мұздай су құйып жібергендей ішімнен "бала ше? Ажартай ше? Папасы не дер екен? Шиіттей баламен ұзақ жол қалай болар екен?!" деген сан түрлі сұрақтар миымды жарып кете жаздады. Сол кезде шақырған жандарға уәде бере алмаймын, жол түссе көре жатармыз дедім. Бірақ жүрегім тарсылдап, көз алдымда ұшақ, ауыл, Ақтау, жел, теңіз ,той, пах шіркін, кино фэнтезии. - Ойлар айналып жатыр. Кешке жолдасымның "ол шақыртудан бұрын, қызымыз әжесіне барып, сәлемдесіп келсін, оның үстіне өзің де еліңнің қошеметін сағынған шығарсың, мауқыңды басып кел, тек мұқият болыңдар" деген екі ауыз сөзі, рұқсатты қолдауы екі сағатқа созылған әңгімеден кейін естілді-ау, әйтеуір, құлағыма. Сол баяғы бабалар жолы ма, әлде менің сағынышым ба, әуелі Алла, сосын Ата-Баба, Кәкелер, қала берді өнерімді құрметтеген көрерменімнің арқасында бөпеміздің қырқынан шыққаннан кейінгі қырық қадамын қасиетті Маңғыстауымнан, қара шаңырақ әкеміздің үйінен "топ еткізіп" бастауды Алла бұйыртты. Шүкір - деп жазды Тамара Асар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Танымал қос блогер ұлды болды (видео, фото)
Рахман Омар: «Жұмбақ өлім болды» (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу