Ұзатуда жақындарымен қоштасуға мұрша бермей қалыңдығын алып қашқан күйеу жігіт сынға қалды (видео)

Oinet.kz 04-10-2022 3608

Желіде ұзату тойда күйеу жігіттің көрсеткен ерсі қылығы елдің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_9.jpg

Аталған видеода сыңсу әнімен ұзатылып шығып келе жатқан қалыңдықты күтіп тұруға төзімі жетпеген күйеу жігіт баса-көктеп, қалыңдығын жақындарымен қоштасуға да мұрша бермей сүріндіріп-қабындырып алып кетеді. Жігіттің бұл қылығын ән айтып тұрған қыз тоқтатуға тырысады. Тіпті, қолын ұстап жібермей қояды. Алайда, жігіт қалыңдықты тез-тез ортадан шығарып, көтеріп алып кетіп қалады. 

Күйеу жігіттің бұл қылығын желі оқырмандары қатаң сынға алды:

"Бұл дұрыс емес. ұзату той осынысымен қызық қой негізі", "Өте ұят. Қызды, әке-шешесін, отырған қонақтарды сыйламады", "Дым көрмегендігін көрсетіп қалды. Дөрекі екен", "Мына жігіттің мінезі нашарлау сияқты, дөрекілеу", "Күйеу баланың мінезі нашар сияқты. Ұят дегенді білмейді ме? Не дегегн басыну", "Жігіт біртүрлі", "Шымкенттікі емес пе?", "Осыдан-ақ түсінікті ғой бұдан кейін келіншегімен қалай араласатыны. Жақсы емес", "Бұрынғы қызы шығар сыңсу айтып тұрған, қолынан жібермей ұстап тұр ғой", "Ерсі көрінеді екен мына қылығы", "Топастық", деп жазып жатыр инстаграм оқырмандары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Қазағымның сұлу келіндері❤️ (@sulu_kelin_kz)


Еден жуып жүріп, «Бозторғайды» құйқылжыта орындаған бала елді тәнті етті (видео)
«5:32» сериялының авторлары қазақстандық жазушымен соттасып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу