«Қызу қанды кезіміз»: Гүлзира Айдарбекова Желтоқсан көтерілісіне қатысқанын еске алды

Oinet.kz 19-12-2023 3470

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Желтоқсан көтерілісін еске алып, оқиғаның қалай басталғанын айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Продюсер Американың Чикаго қаласынан сәлем жолдап, халықты Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

“Көк туымыз бүкіл әлемде көкке көтеріле берсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, төрт көзіміз түгел болсын! Бүгін Алла бұйыртса Америка елінде қазақ қандастарымызбен бірге бас қосатын боламыз. Осы көтеріліс кезінде Алматыға келгеніме 1 жыл ғана болып еді. Жаныма қыздарды алып, басынан аяғына дейін бәріне өзім куә болғанмын. Ол кез жастық шақ, нағыз қызу қанды кезіміз. Түсіп қалған суретпен де ұл-қыздарды қамап жатыр деген соң бәрі біткен кезінде де көтеріліс кезіндегі студенттердің қаза болғаны көз алдыма елестеп ұйықтай алмай жылай берген мені көріп, анашым 1 айға ауылға алып кеткен болатын. Қаншама жастарымыз қыршыннан қиылды десеңізші. Мені де тура алаңда құлап жатқан жерімнен қазақ жігіттері, жүгіріп қашып бара жатып қолымнан демеп тұрғызып қашырып үлгертті. Ел үшін қанын төккен бауырларымыздың жандары жаннатта болсын!”, – деп жазды продюсер. 

Гүлзира Үсенқызының оқырмандары жарыса тілек жазып, алаңға барғанын патриоттыққа теңеп жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Меруерт Түсіпбаева сұхбат беру үшін журналистен қомақты қаржы талап етті
Әйеліне қол көтерді деп айыпталған Рахат Тұрлыханов жұбайымен бірге бейнеүндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу