«Туфлиімнің өкшесін қағып берген жігітке тұрмысқа шықтым»: Гүлнар Сиқымбаева

Oinet.kz 09-02-2024 2170

ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаева жарының қазасынан кейін алғаш рет ел алдына шығып сұхбат берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Мақсатына жеткендер” бағдарламасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Әнші жарының өзге ұлт өкілі екенін де алғаш рет айтты. 

“Біз “Гүлдер” ансамблінде жүргенде таныстық. Ол кісі аппаратураларды жөндейтін, дыбыс қоятын маман болды. Осы күнге дейін айтпаған едім, өзге ұлт өкілінің адамы еді. Славян тектес ұлтқа жатады. Бір күні концертке шығайын деп тұрсам, туфлиімнің өкшесі сынып қалды. Өзімнің де салмағым ауыр ғой. Менің алдымда Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер ән айтып болды. Дайындық кезінде сол жігіттің балғамен колонканы ұрып жатқанын көргенмін. Сахнаның сыртынан сол жаққа қарай жүгірдім. Қолындағы балғасымен екі-үш рет қағып жіберді. Мені хабарлап жатыр. Содан ентігіп сахнаға шықтым. Ол жігіт болмағанда жалаңаяқ шығушы едім. Ертеңіне рақметімді айтып, грим бөлмесінде шай бердім. Ол маған гүл сыйлады. Содан жарасып кеттік. Ол менің өнерімді қолдады. Гастрольден келгенде қамыр жайып, ет асып отыратын. Шаршап келдің деп, аяғымды жылы суға салатын. 38 жыл бірге өмір кештік. Марқұм жолдасым туралы өткен шақта айту өте қиын”, – дейді өнер иесі.

Сонымен қатар өнер иесінің ата-анасы өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққанына қарсы болған. Тіпті әкесімен ат-құйрығын кесіскен. 

“Әкем өте қатты қарсы болды. 5 жыл бойы бір-бірімізді көрмедік. Мүлдем хабарласпай қойды. Керісінше, барған жерім керемет қарсы алды. Шешесі мен әпкесі ғана болды. “Біздің жұлдызымыз” деп енем ештеңе істеткен жоқ. Менің жұмысым – тек ән айту, концертке қатысу. Жолдасым да үйдің тірлігін істей беретін. Өнерден де, отбасыдан да жолым болды. Бірақ жолдасым ұлымды сүндеттегенде қатты ренжіді. Мұсылман болғанына ренжіген жоқ, баланы текке қинадық деді. Менің тегімді берді. Байыр Сиқымбаев болып ұлым жазылды. Сол ұлымнан бір немере сүйіп отырмын”, – деді әнші.

Еркін Шымырқұлов, Мәдениет қайраткері: «Досыма берген сертті бұзбай үйлендім»
«Бейбіт бөбектің жанынан елемей өте шыққанда жүрегім дір етті»: Меруерт Түсіпбаева
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу