Кентауда 487 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Oinet.kz 27-04-2020 930

Мемлекет экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты – кәсіпкерлікті дамытуға барынша қолдау көрсетіп отыр. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасынан бөлек, басқа да салалық бағдарламалар бойынша мемлекеттік қолдаулар жүзеге асуда.

920e881a-efb6-4ee3-b1cd-8c1b92dfcf63.jpg

Өткен жылы Кентау қаласында 38 жас қаржы институттарынан жалпы сомасы 252 миллион теңге қаражат алды. Сонымен қатар, «Бастау-бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары аясында 300-ден астам студенттер гранттық қаржыландыруға қатысып, мемлекеттік қолдаудың аясында өз кәсіптерін ашты. «Еңбек» бағдарламасы аясында 487 азамат мемлекеттік 505 000 теңгені құрайтын қайтарымсыз қаржыға ие болды. Олардың ішінде - жастар, мүгедектер және көп балалы аналар бар. Сондай-ақ, бизнес бастағысы келетін жандарға «Бастау-Бизнес», «Жас Кәсіпкер», «Бизнес-кеңесші», «Бизнес-өсім» атты қысқа мерзімді  және  базалық оқыту жобалары іске асты.

- Кәсіпкерлік, «іскерлік қатынастар», сонымен қатар салалық негізде ауылшаруашылық құзыреттілігін арттыру аясында тренингтер ұйымдастырдық. Егін дақылдарын өсіру бойынша жетекші шаруа қожалықтарымен 11 кеңес өткіздік. Сонымен қатар, ЕДБ, МҚҰ, КТ, ФФПСХ, АКК сияқты қаржы институттары арқылы қаржыландыруды алу бойынша жобаларды қолдау бойынша жұмыс жасадық. Бұл бұмыстар биылғы жылы да жалғасын табатын болады – дейді «Атамекен» әсіпкерлік палатасы Кентау филиалының төрағасы Мұрат Садуов.

Жетісайлық кәсіпкер жерлестеріне 200 қап ұнын тегін таратып берді
Жетісайда ірі қара мал өсірушілер көбеюде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу