Электрондық сауда экономиканың қозғаушы күшіне айнала бастады

Oinet.kz 27-04-2020 1121

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының өз алдына қойып отырған міндеттерінің бірі - шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Бұл экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы болып отыр. 

80539fdd-1b8a-40d2-a669-f238fe446386.jpg

Нәтижесіндже өңірде кәсіппен айналысушылардың қатары артуда. 

Жалпы жыл басынан бері облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны өткен жылғы тиісті кезеңге сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,9 пайызға (141020 бірлік) артқан. 

Шаруа немесе фермер қожалықтарының үлесі 16,2 пайызды (71198 бірлік), дара кәсіпкерлер 63,6 пайызды (61325 бірлік), шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 20,2 пайызды (8497 бірлік) құраған.

Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бір бағыты – электрондық сауда да еліміздің күллі экономикасының қозғаушы күшіне айнала бастады. Осы негізде бүгінде жергілікті жердегі кәсіпкерлерде электронды төлем жүйесіне көшуді қолға алуда. Бақылау-кассалық машиналарын қолдану арқылы төлемдерді төлем аппараттарының көмегімен жүргізіп жатыр. Қолма-қол қаржы қабылдау осылайша қолданыстан қалып барады.

Саладағы цифрландыру жүйесінің тұрғындар үшінде тиімділігі көп. Ең бастысы бұл жүйе, бүгінгі күні елді алаңдатып тұрған вирустың қаржы арқылы таралуына тоқтау салмақ.

Жетісайда ірі қара мал өсірушілер көбеюде
Цифрлық жүйеде тың жобалар жүзеге асуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу