Ережені елемегендер жазаланады

Oinet.kz 29-04-2020 707

Screenshot_11.png

Түркістан облысы  Арыс қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары дүкендерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Дүкендердің тазалығы, хлормен жуылғандығы, есіктерге хлорланған дәкенің жапсырылғандығын және сатушылардың маска мен сатуға арналған қолғабы тексерілді. Талапқа сай дүкенге 5 кісіден артық кірмейді, ал тұтынушылар 1,5-2 метр арақашықтықты сақтауы тиіс. Және тұтынушылар міндетті түрде маска тағуы тиіс. Карантин режимін бұзғандар қатаң жазаланатын болады. Бүгінге дейін, ҚР Президентінің №285 Жарлығын және Түркістан облысы бас санитарлық дәрігерінің №33 қаулысын орындамаған 18 азаматқа хаттама толтырылған. Оның ішінде 5 ет сататын жеке тұлға,1 шаштараз, 2 қоғамдық тамақтандыру және 10 сауда орны жеке тұлғалары. 18 материал сотта қаралып 6 на 26510 теңгеден айыппұл салынып, 7 адам 1 тәулікке қамаққа және 1 адам 3 тәулік қамаққа алынуы туралы шешім қабылданған. 4 ескерту берілген. Негізгі кемшіліктері маска кимеген, санитарлық режимді, залалсыздандыру режимін сақтамаған, антисептиктер орнатылмаған.

-Құрметті арыстықтар! Баршаңызды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, қауіпті індетпен бірлесе күресуге шақырамыз!-делінген Арыс қаласы әкімдігінің тұрғындарға арнаған ақпаратында. 


Дезинфекциялау жұмыстары қарқын алды
Білім саласын цифрландыру - бәсекеге қабілеттілікті арттырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу