«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өткен жылы 96 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтылды

Oinet.kz 04-05-2020 675

Түркістан облысында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өткен жылы  96 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып, жоспар 20,6%-ға артығымен орындалды (жоспар 79 603). Осы бағдарлама аясында бірінші рет өз ісін ашамын дейтін азаматтарға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (505 мың теңге) 8 мыңға жуық азаматқа мемлекеттік грант ұсынылып, жеке ісін ашуға мүмкіндік берілді.

7890a94e-b3a4-41f6-a955-bb8cf31e15b4.jpg

Атап айтсақ, былтыр атаулы әлеуметтік көмекке 70 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл сомма өзге жылдармен салыстырғанда анағұрлым қомақты.   Соның нәтижесінде облыс халқының үштен бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмек алды немесе әр отбасы орта есеппен айына 100-120 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмекпен қамтылды.

Көмек алушылардың 60 пайызы көп балалы отбасылар санатынан. Осындай қолдаудың арқасында 6 690 отбасы әлеуметтік көмек есебінен өз ісін ашуға және өз табысын арттыруға мүмкіндік алып, 43 мың жұмыссыз азамат атаулы әлеуметтік көмек аясында жұмыспен қамтылды.

Биылғы жылы да әлеуметтік қолдауда елеулі өзгерістер орын алды. Бағдарлама аясында тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік қызметті дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Отбасыларды тұрақты табыс көзімен қамтамасыз ету нәтижесінде оларды өмірлік қиын жағдайдан кезең-кезеңмен шығару көзделуде.

Аталған бағдарлама аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жағдайы тым төмен, кризистік және қанағаттанарлықсыз деңгейде өмір сүріп жатқан 1643 отбасы анықталып, олардың әрқайсысына материалдық көмек пен қажетті кеңес беретін арнайы кураторлар тағайындалды.

Бұдан бөлек, «Қамқорлық» бағдарламасы арқылы жанұя мүшелерін жұмысқа тұрғызу, оқыту және өзге де мәселелері аудан, қала әкімдерінің бақылауында болады.

Қазығұртта жылына 1100 тонна кеспе өндіретін зауыт жұмыс істеуде
Түркістан индустриалды аймағында 6 жоба іске асады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу