Түркістан облысында 142 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде

Oinet.kz 04-05-2020 698

Түркістан облысына экономиканың негізгі драйвері болып саналатын 142 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде. Бұл көрсеткіш бойынша өңіріміз республикада 2 орында. 

26b38cc9-d985-4638-9992-6f79fe266848.jpg

2019 жылға бизнесті қаржыландыру көлемі 74,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 16,5 млрд. теңгеге артқан. Осы жұмыстардың нәтижесінде 5 мыңнан астам шағын орта кәсіпкерлік жобалары мен 42 мыңға жуық ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қаржыландырылған.

Инвестицияларды тарту мемлекет басшысының Жолдауында қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Жобаларды іске асыру бойынша атқарылған маңызды әрі жүйелі жұмыстардың нәтижесінде аймаққа 441,2 млрд.теңге инвестиция бағытталып, нақты көлем индексі 38,5%-ға артты.  Оның ішінде 61,6 млрд.теңге сыртқы инвестицияларға бағытталып, үлесі 14  пайызды құрады.     

Өңірде 9 индустриалдық аймақ пен  «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Арнайы экономикалық аймағы 3 014 гектарды құрайтын 5 субаймаққа бөлінген. Соның ішінде биылғы жылы Келес ауданында ресейлік «Эко-Культура Агрохолдинг компаниясы»  тарапынан қаржыландырылатын құны 450 млрд.тг. жуық  инвестициялық жобаның құрылысының басталуы күтілуде. Яғни, аумағы 500 гектар жерге өндірістік жылыжай салынбақ. Бұл инвестициялық жоба тұрғылықты халықты алдағы 5 жылдықта 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарымен қамтиды деп көзделуде.

Шаруалар бір жерден екі өнім алуды көздеп отыр
«Қамқорлық» жобасына қолдау білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу