Бәйдібекте кинотеатр ашылады

Oinet.kz 15-09-2021 783

Screenshot_3.jpg

Қазіргі таңда технология күннен-күнге дамып келеді. Бұрын көпшілікке орындалмас армандай көрінген дүниелер бүгін әр үйде бар. Мысалы компьютер, телефон. Сол секілді, бұрын ауыл жастары кинотеатр дегенді тек қалаға барғанда ғана көретін. Енді үлкен залда фильм көру үшін қала асу міндетті емес. Ауылды жерлерде кинотеатрлар пайда болып жатыр. Бұл өз кезегінде ауыл жастарының уақытты тиімді өткізуіне, демалысты пайдалы өткізуіне септігін тигізеді. Ауылды жерде мәдени нысандардың көбеюі өркенитке алып келетіні белгілі.

Бәйдібек ауданы да ауыл жастарының игілігі үшін кинотеатр салуды бастап кетті. Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жастар саябағындағы ашық кинотеатрдың құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшысы аудан әкіміне дыбыс күшейткіш, экран және басқа да қажетті аппараттарды орнатып жатқандығын, қазіргі таңда көрермендер отыратын орындардың тиісті жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баяндады. 

Ержігіт Шәріпбекұлы мердігер мекеменің басшысына құрылысты сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Құрылыс жұмыстарын аудан әкімінің бақылауында болмақ. Нәтижесінде кинотеатр уақтылы пайдалануға беріліп, жастар қуанатын күн алыс емес. 

Сайрамдық отбасыға демеушілер үй салып берді
Президент Жолдауы талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу