8 айдың жұмыстары қорытындыланды

Oinet.kz 21-09-2021 750

Screenshot_3.jpg

Халықтың әл-ауқаты көрсеткішін ылғи бақылауда ұстау - басты назарда. Елдің әлеуметтік тұрмыс деңгейі түсіп кетпеуі өте өзекті. Халық жайлы ортада өмір сүріп, мемлекеттің айрылмас бір бөлшегі екенін сезіне білгені жөн. Сондықтан да жергілікті әкімдіктерге жүктелер міндет өте зорү 

Осы орайда бүгін Бәйдібек ауданы әкімі Ержігіт Шәріпбековтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. 

Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес аудан аумағында ұлттық халық санағын өткізу барысы, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картаның орындалу барысы туралы, Бөген  ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 айда атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы жөнінде және облыс, аудан әкімі тарапынан берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы мәселелер қаралып, тиісті бөлім, мекеме басшыларының хабарламалары тыңдалды. 

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков берілген жоспарлы тапсырмалардың орындалуына тоқталып, ауылдық округі әкімдері мен мекеме, бөлім басшыларына нәтижелі жұмыс жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. 

Президент Жолдауы - халықтың әл-ауқатының артуының кепілі
«Атамекен-Сарқырама» 25-30 отбасыны жұмыспен қамтып отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу