Таразда даңқты батыр Бауыржан Момышұлының музейі ашылды

Oinet.kz 09-05-2025 15

Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, жазушы және даңқты қолбасшы Б.Момышұлының 115 жылдығына арналған «Бауыржан Момышұлы» музейінің ашылу салтанаты өтті.

1000349918.jpg

Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, көрмеге қойылған шежірелі заттардың тарихымен танысты. Батырдың ұрпақтарымен сұқбат құрды.

Облыс орталығындағы «Даңқ залы» кешені аумағында орналасқан жаңа музейде Бауыржан Момышұлының шежіресімен танысуға бар жағдай жасалған. Көрмеге Баукең өмірінің әр кезеңіндегі деректер – балалық шағы, әскери өмірі, отбасы, жеке заттары, құжаттары қойылған. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлының полковник шеніндегі шинелі, батырдың өзі салған карта, «Ұшқан ұя» және «Артымызда Мәскеу» шығармаларын жазған қалам мен сия сауыты да музейдің төрінен табылған.

Сонымен қатар көрмеден Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына Бауыржан Момышұлының өзі тарту еткен жеке маузерін, Кеңес Одағының Батыры Алтын Жұлдызының және Ленин орденінің, полковниктің айдаһар бейнеленген қылышының көшірмелерін, кітаптар мен фотосуреттерін көруге мүмкіндік бар. Сонымен қатар бейбіт уақытта киген киімдері, жеке заттары (ыдыс, күміс қасықтар мен шанышқылар, қымыз бен шұбат құятын ағаш тостаған, ағаш қасық пен шөміш, шай ыдыстары мен шәй қасық), батырдың өзі ойып алған өрнектер альбомы, Құрмет грамотасы, Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жарлық, сол сияқты «Ғасыр саңлағы» мен «Ғасыр қаһарманы» атақтарын беру туралы жарлық пен құжаттар, домбыра, Куба сапарынан әкелінген заттарды көруге болады.

Жеңіс күні қарсаңында Сейтметов театрында жаңа қойылым көрерменге жол тартты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу