Шымкенттен ескен «Оңтүстік лебі»

Oinet.kz 26-05-2025 58

Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры жақында ғана шымкенттік көрерменнің көңілінен шығып, сұранысына ие болған башқұрт драматургы Айгиз Баймұхаметовтің «Тастамашы, ана!» спектаклін алматылық көрерменге ұсынды.

Screenshot_2.jpg

Бұл гастрольдік сапар – «Оңтүстік лебі» деп аталды. 19, 20-мамыр күндері Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында үш сеанспен өткен спектакль екі күн қатарынан  сәтті өтіп, әртістердің еңбегі қалың көрерменнің ризашылығымен аяқталды. Жүректегі тебіреніс, сергелдең, ағыл-тегіл жылау сынды көрермен эмоциясы сөзсіз-ақ көрініп тұрды. Бастысы, ақын, жазушы Саят Қамшыгер қазақшаға аударған «Тастамашы, ана!» шығармасы жүректерге жетті. 

Мәдениеттің мәйегі театр. Сондықтан, қазақы қаймағы бұзылмаған қарашаңырақ театрдың әр жұмысы табысты, сәтті болсын!

Мемлекеттік қызметшілердің ротациясы – кадрлық дамудың жаңа бағыты
«Талас шайқасы: археологтар Тараздағы көне шайқас алаңын зерттеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу