Сапалы медицина – экономикалық өсім

Oinet.kz 15-06-2025 6

Өңірлік экономиканың тұрақты дамуы – халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор.

Screenshot_9.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде экономиканы әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және халыққа қажетті қызмет түрлерін қолжетімді ету бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Бұл ретте денсаулық сақтау саласын дамыту – басты басымдықтардың бірі болып отыр. Президент өзінің бір сөзінде:

«Халыққа ең жақын қызмет – бұл медициналық көмек. Адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапты болған соң, әрбір дәрігер өз мамандығына адал болуы керек» – деп атап өткені тегін емес.

Осы бағыттағы нақты істердің бірі ретінде Сайрам ауданы, Манкент ауылындағы  «Дәрігер Н. Р. Ирсалиев" емханасын айтуға болады. Биылғы жылдың басында есігін айқара ашқан бұл медициналық мекеме аз уақыт ішінде жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болды. Қазіргі таңда емхана 3000-нан астам адамды қабылдап үлгеріп, халыққа сапалы қызмет көрсетуде.

Заманауи үлгіде жабдықталған емханада ақ халатты абзал жандар науқастарды жылы жымиып қарсы алып, шынайы жанашырлық танытып келеді. Мұнда жоғарғы санаттағы тәжірибелі дәрігерлер қалтқысыз қызмет етеді. Жалпы тәжірибе дәрігері, педиатр, балалар невропатологы, травматолог-ортопед, акушер-гинеколог, тіс дәрігері, жүйке жүйесі аурулары дәрігері, эндокринолог, кардиолог, УДЗ мамандары, жүрек УДЗ және Холтер мониторингі, Smart тексерістері, дерматолог, ЛОР, уролог, офтальмолог, оташы – барлығы бір шаңырақ астында қызмет көрсетуде. Бұл – тек емдеу емес, профилактикалық шараларды да кешенді түрде қамтитын орталық.

Айта кетерлік жайт, мұнда созылмалы дерті бар ем алушылар үшін тегін дәрілер қарастырылған. Сондай-ақ, күндізгі стационар да үздіксіз жұмыс істеп тұр, бұл емделушілердің толыққанды әрі уақтылы медициналық көмек алуына мүмкіндік береді. Емхана ұсынатын медициналық қызмет түрлері тиімді ұйымдастырылып, әсіресе жүкті әйелдер мен балаларға арналған бірқатар тексерістердің тегін жүргізілуі – бұл мекеменің әлеуметтік бағдарланғандығын көрсетеді.

Техникалық база да жоғары деңгейде. SMART және Холтер аппараттары, ультрадыбыстық зерттеу құрылғылары, зертханалық құрал-жабдықтар нақты әрі сапалы диагностиканы қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай заманауи техника дәрігерлердің кәсіби мүмкіндігін арттырып, дертті ерте анықтап, уақытылы ем тағайындауға жол ашады.

Емхананың бас дәрігері – тәжірибелі әрі өз ісіне адал маман Нүралі Ирсәлиев. Оның басшылығымен құрылған ұжым тек кәсіби біліктілігімен ғана емес, адами болмысы, мейірбан қарым-қатынасымен ерекшеленеді. Бұл емханада пациентке тек емделуші ретінде емес, жеке адам ретінде қарау мәдениеті қалыптасқан. Қызметкерлердің барлығы өз ісіне адал, әрбір келушінің жағдайын шын ниетпен қабылдайды.

Емхана күн сайын таңғы 9:00-ден кешкі 23:00-ге дейін үздіксіз жұмыс істейді. Бұл – еңбекке қабілетті тұрғындар үшін өте ыңғайлы уақыт кестесі. Сонымен қатар, емхана WhatsApp және әлеуметтік желілер арқылы алдын ала жазылу мүмкіндігін де ұсынып отыр.

Бүгінде "Дәріге Р. Н.  Ирсалиев" емханасы – сапалы медициналық қызметтің, адамға деген қамқорлық пен жанашырлықтың үлгісіне айналып отыр. Бұл мекеме – мемлекет ұстанып отырған халыққа жақын қызмет көрсету қағидасын іс жүзінде дәлелдеп келе жатқан орталықтардың бірі.

С. СӘУЛЕБАЙҚЫЗЫ

Төрт түліктің берекесі – ауыл экономикасының тірегі
Жаңа мектеп, жаңа мүмкіндік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу