Жаңа мектеп құрылысы бақылауда

Oinet.kz 19-06-2025 3

Сайрам ауданында инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды дамыту жұмыстары қарқын алып келеді. 

Screenshot_17.jpg

Бұл бағытта ел Президентінің бастамасымен іске асырылып жатқан «Жол картасының» маңызы зор. Жобалардың тиімді әрі ашық жүзеге асырылуын бақылау мақсатында «AMANAT» партиясы тарапынан партиялық бақылау жүргізілуде.

Осыған орай, жуырда «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Асқар Еркінбеков Сайрам ауданына іс-сапармен келіп, Жібек жолы ауылдық округінде бой көтеріп жатқан 300 орындық жалпы орта мектептің құрылыс барысымен танысты.

Аталған нысан – Түркістан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен салынуда. Жобаның мердігері – «AR KUA GROUP» ЖШС, жобалаушы – «БС Строй Холдинг» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Тех Сапа Алматы» ЖШС. Құрылыстың басталуы – 2025 жылдың 24 ақпаны, аяқталу мерзімі – 2026 жылдың 30 желтоқсаны. Жоба құны – 1,86 млрд теңгеден асады.

Қазіргі таңда құрылыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Мемлекеттен бөлінген қаржы мақсатты және тиімді жұмсалып жатыр. Бұл жұмыстар партиялық бақылау бекеті арқылы ұдайы қадағаланып отыр.

Құрылыс нысанымен партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Акмалжан Исақов, Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Дархан Жиенбай, аудандық білім бөлімі, ауыл билері мен қоғам белсенділері танысып, жұмыс барысына көз жеткізді. Олар сапа, ашықтық және қаржының мақсатты жұмсалуына ерекше назар аударды.

Жаңа мектептің салынуы – тек білім саласына емес, аудан экономикасына да оң әсер етеді. Бұл – құрылыс секторына жұмыс күшін тарту, жергілікті кәсіпорындар үшін тапсырыстар көлемін ұлғайту, сондай-ақ болашақта білікті мамандардың қалыптасуына жол ашатын маңызды әлеуметтік жоба.

Сайрам ауданы соңғы жылдары тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізіп келеді. Осындай әлеуметтік нысандар – сол өркендеудің нақты көрінісі.

С.СӘУЛЕБАЙ

Сайрам ауданында өсімдік шаруашылығы қарқын алып келеді
Досмат атаның жемісті бағы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу