Ұлттық санақ – ауыл шаруашылығы үшін маңызды науқан

Oinet.kz 29-07-2025 17

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі Өкімі мен Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1348 қаулысына сәйкес, 2025 жылдың 1 тамызынан бастап елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. 

Screenshot_39.jpg

Бұл науқан арқылы аудан экономикасының өсімі мен ауыл шаруашылығы саласының даму деңгейі нақтыланып, алдағы жоспарлар жасалады.

Санақ 1 тамыз бен 31 тамыз аралығында нысандарды тіркеу және есепке алу жұмыстарынан басталады. Ал 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін санақ қызметкерлері планшеттер арқылы жеке сұхбат әдісімен ақпарат жинайды. Санаққа жеке және заңды тұлғаларға тиесілі шаруа және фермер қожалықтары, қосалқы шаруашылықтар, бау-бақша және саяжай учаскелері, кооперативтер және ауыл шаруашылығымен айналысатын өзге де субъектілер қамтылады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы, мал шаруашылығының жай-күйі, егістік пен жайылым көлемі, суару жүйелері туралы мәліметтер алынады.

Бұл санақтың нәтижесі агроөнеркәсіп кешенін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауылдағы өмір сапасын арттыру үшін аса маңызды. Осыған сәйкес Сайрам аудандық статистика басқармасы  аудан тұрғындарын  сауалнамаға белсенді қатысып, нақты ақпарат беруді сұрайды.

Кәсіпкерлікке кең өріс
Сайрамдықтар балық шаруашылығын дамытуды қолға алмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу