Сарыағаш: Ауданда әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалар нәтижелі шешімін табуда

Oinet.kz 13-11-2025 6

1728883325_5208540087657294449-1.jpg

Сарыағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жақсара түскен. Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, ауданға қарасты ауылдық округтерде көп жұмыс атқарылған. Мәселен, Құркелес ауылдық округінде атқарылған және жоспарланған негізгі жұмыстар нәтижелі жүзеге асырылуда. Атап айтсақ: электр жүйелерін жаңарту бағытында Ақниет және Құркелес елді мекендерінде электр желілері жаңартылып, трансформатор қондырғылары орнатылған. Сонымен қатар, Жаңаталап елді мекенінде «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвестициялық жоспарына сәйкес 7 көшеде (А.Оразбаева, М.Маметова, А.Молдағұлова, С.Сейфуллин, Б.Қасымбеков, Келес және И.Мергенбайұлы көшелері) жалпы ұзындығы 5,3 шақырым электр желілері жаңартылды.

Таза ауыз сумен қамту мақсатында Ақүй, Алғабас және Ақниет елді мекендерінде ауыз судың ішкі жүйелерін салу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, Дастан елді мекенінде таза ауыз су құрылысы аяқталып, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Ақүй және Береке елді мекендерінде көшелерге жарық шамдарын орнату жұмыстары толық аяқталған. Құлтума және Жылысу елді мекендерінде ашық футбол және воркаут алаңдары салынып, тұрғындардың игілігіне берілген. Құркелес елді мекенінде де осындай спорттық нысандардың құрылысы жалғасуда. Жылысу, Жаңаталап және Береке елді мекендерінде аяқжолдар салынған. Жаңаталап және Нұрлы жол елді мекендерінде көшелерге орта жөндеу жүргізіліп, асфальт жабыны төселген.

Ал Жаңаталап, Құркелес және Береке елді мекендерінде медициналық нысандардың құрылысы аяқталып, қабылдауға дайын. Келес елді мекенінде жеке инвестор есебінен 300 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде және нысан жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Келес елді мекенінде ұялы байланыс желісін кеңейту мақсатында жаңа базалық станция орнату жұмыстары жүргізілуде. Округ аумағындағы жалпы ұзындығы екі шақырым канал мен 9,9 шақырым қашыртқы жүйелеріне механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп отыр.

Жартытөбе ауылдық округіндегі атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ, мұндағы Төңкеріс елді мекенінің бес көшесіне, Құрама елді мекеніне қарасты алты көшеге, Ынтымақ елді мекенінің тоғыз көшесіне, оған қоса  Бостандық елді мекеніне қарасты 12 көшеге электр желісі тартылып, трансформатор қондырғылары орнатылды. Сондай-ақ, Төңкеріс елді мекенінде жеке инвестор есебінен медициналық нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрама елді мекеніне қарасты Жамбыл көшесіне ұзындығы 5,9 шақырым электр бағаналары жаңартылып, көшеге шағал төселді. Оған қоса, И.Көшенұлы, Ынтымақ, Ғ.Иляев және Достық көшелерінің жолдарына орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Достық елді мекенін таза ауыз су, спорт алаңшасы салынып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілген. Округ аумағында орналасқан ұзындығы бес шақырым шағын канал мен екі шақырымдық қашыртқы бөліктеріне механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Көктерек ауылдық округіне қарасты Көктерек кентіне барып, атқарылып жатқан инфрақұрылымдық жұмыстардың барысымен танысты. Аудан басшысы кент аумағында жаңадан бой көтерген тұрғын аймақтарға табиғи газбен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Бүгінгі күні табиғи газ құбырының 90 пайызы тартылып, жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі жауапты сала басшыларына жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, Көктерек ауылдық округі аумағында жеке кәсіпкер «Қантбекова А.» іске асырып жатқан жаңа шипажай құрылыс жұмыстарының мән-жайын бақылады. Сыйымдылығы 100 орындық нысанның жалпы инвестициялық құны 300 миллион теңгені құрайды. Жоба аясында 18 жаңа жұмыс орны ашылады. Құрылыс жұмыстары биыл желтоқсан айына дейін аяқталып, пайдалануға беру жоспарланған.

Осыдан кейін аудан әкімі Арман Абдуллаев Көктерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Кездесудің алдында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіліп, олардың ұсыныстары мен өтініштері хаттамаға енгізілді. Аудан әкімі барлық айтылған мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында Көктерек кентіне қарасты 13 көшеге, атап айтсақ, Жасқанат, Қонаев, Бірлік, Тұран, Самал, Көктерек, Түркістан, Ұлытау, Жібек жолы, Береке, Отырар, Бәйтерек және Керуен көшелеріне ұзындығы 32,6 шақырымды құрайтын таза ауызсу құбырлары тартылған. Сонымен қатар, Құркелес ауылдық округіне дейінгі 23 шақырымдық магистралды таза ауыз су желісін тарту жұмыстары қосымша қаржы бөлінгеннен кейін іске асырылмақ. 13 көшеге табиғи газ жеткізу жұмыстары да жалғасуда. Атап айтқанда, 7 шақырым жер үсті және 4,6 шақырым жер асты газ құбырлары тартылып отыр.

Бұдан бөлек, электрмен жабдықтау жүйесін жаңарту аясында 165 СВ10,5 және СВ11 метрлік электр бағаналары, сондай-ақ трансформатор қондырғылары орнатылған. Кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын салу жұмыстары жүргізіліп, шипажай басшыларының демеушілігімен үш насос ауыстырылды. Н.Жұматаев көшесіне қоқыс контейнерлері жасалып, орнатылды. Кенттің М.Әуезов, С.Бостанов және А.Молдағұлова көшелерінде орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ Дархан елді мекенінде кіші футбол алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылған. Елді мекеннің Қазыбек би, Ж.Жабаев, Қ.Қилыбаев, А.Қарсыбаев және О.Үкібаев көшелеріне жарық шамдар орнатылуда. Сонымен қатар, Ж.Жабаев көшесіндегі көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды. Оған қоса, Абай, М.Мәметова, Жанақұрылыс және Ә.Мұсаев көшелерінің жолдары орта жөндеуден өтті. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 8,7 шақырым болатын Дархан 1, 2, 3, 4, 5 қашыртқылары механикалық тазалаудан өтті.

Дегенмен, ауданда әлеуметтік-инфрақұрылым жобалар қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар аудан әкімінің тұрақты бақылауына алынған.

Келес: Ауылдардың көркеюіне бар жағдай жасалуда
Ордабасы: «Рамазан-Агро» серіктестігі өнімі шет елге экспортталуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу