Түркістанда қаржы саласының қызметкерлері марапатталды

Oinet.kz 23-11-2025 8

8zmmBlct3oIw7ZhFMD6bbsm70G2GEG64KyxhH9Qn.jpg_width=1200Xheight=autoXtype=1.jpg

Қаржы жүйесінің дамуына қосқан үлесі зор қызметкерлерді құттықтау және олардың еңбегін құрметтеу мақсатында Ордабасы аудан әкімдігінде Теңге күні мен Қаржыгерлер кәсіби мерекесі ерекше аталып өтті. Ол іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қажырлы еңбегі мен жауапкершілігі үшін марапаттар табыс етті.

– 15 қараша – Қазақстанның ұлттық валютасы бекітілген күн ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қаржы жүйесінің дамуына үлес қосып жүрген сала қызметкерлерінің еңбегі ескерілетін маңызды күн. Ұлттық валюта – кез келген егемен елдің басты нышандарының бірі. Бұл – елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, шаруашылықты жүргізу және басқарудың негізгі құралы. КСРО күйрегеннен кейін бұрынғы посткеңестік мемлекеттер біртіндеп өздерінің ұлттық валюталарын енгізе бастады. Қазақстан сол кезде қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты біраз уақыт рубль аймағында қалды. Еліміз біртұтас экономикалық кеңістіктің сөгілуінен болатын жағымсыз ісерді азайту үшін рубльден бас тартпады. Алайда 1993 жылы Ресей Федерациясы Қазақстанды рубль аймағынан шығарғанын мәлімдеді. Соның салдарынан еліміз өз ақшасын шығарғанша Ресейдің рублін уақытша сатып алуға мәжбүр болды.

Қазақстан басшылығы бұл шаруаның көп ұзамай тығырыққа тірейтінін түсініп, 1992 жылы өз валютасын шығару үшін құпия шаралар қабылдады. Жаңа ақша шығару туралы келісімшарт жасалды. Кезінде Ұлыбритания фунт стерлингін алты жылда, Германия маркасын екі жылда жасаса, біздің банкнотымыз шебер ұйымдастырудың, үлкен еңбектің нәтижесінде өте жоғары сапамен, небәрі алты айдан астам уақытта басылып, елімізге жеткізілді. Төл теңгеміз сапасы мен дизайны жағынан әлемдік деңгейде алғашқы ондықтың ішіне кірді. Банкноттарымыздың сапасының жоғарлығы, дизайны үшін теңгемізді басып шығарған «Харрисон және оның ұлдары» фирмасына Ұлыбритания патшайымының «Алтын белгісі» табысталды.

Төл теңгемізді әзірлеп, оның халық игілігіне айналғанына дейін қыруар жұмыс атқарылды. Суретші – дизайнер Хайролла Ғабжалелов ақшамыздың шығуына үлкен еңбек сіңірген мамандардың бірі. Ұлттық банкпен келісімшартқа отырған Қазақстан дизайн орталығының бас директоры Хайролла Ғабжалелов пен суретші Меңдібай Әлин 1,3,5,10,20.50 және 100 теңгенің дизайнын жасап шығарды. Алғашқы теңгелердің дизайнында Шығыстың ұлы ғұламасы, ілемнің «екінші ұстазы» атанған әл-Фараби бейнеленуі – еліміздің асқақтата түсті. Тәуелсіз еліміздің азаматтары теңгенің шығуын ұзақ күтті. Ол алғаш қолға тиген кезде қандастарымыздың қуанышында шек болмады. Ұлттық волютамызды қалай атау жөнінде Мемлекет басшылары мен оны жасаушылар арасында үлкен талқылау болды. Ақыры олар ұлтымызда ежелден аталып жатқан осы атауға тоқтады. Теңге – тең деген мағынаны білдіреді. Қазақстанның Ұлттық волютасы – теңгенің жасау тарихы Тұңғыш Президентіміздің 1993 жылғы 12 қарашадағы №1399 «Қазақстан Республикасында Ұлттық волютаны енгізу туралы» Жарлығымен басталды. 1993 жылы 15 қарашада құжатқа сәйкес елде Ұлттық валюта – теңге енгізілді. Мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа деңгейінің негізі болды. Теңгенің айналымы елімізге ұлттық нарықтық экономиканы құру үшін қажетті  алғашқы қадамдарды жасауға мүмкіндік береді.

Қорыта айтсам, қаржы саласында адал еңбек етіп, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген әр қызметкердің еңбегі бағалауға лайық, – деді әкім орынбасары өз сөзінде.

Сонымен қатар, жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері қаржы саласының стратегиялық маңызын атап өтіп, қызметкерлерге табыс, кәсіби жетістіктер мен амандық тіледі.

Тағы бір атап өтерлігі бүгінде теңгенің сапасы жоғары. Сондықтан оны қолдау жасау қиын. Оның 18 қауіпсіздік деңгейі бар. Бұл – сутамғы белгілері, қауіпсіздік жіптері, айқын және қайталанатын жасырын белгілер, кішкентай жазулар және басқалар. Ол – әлемдегі ең қауіпсіз ұлттық валюталардың бірі. Ұлттық банк банкноттарымен және монеталармен бірге инвестициялық, коллекциялық монеталарды шығарады. Инвестициялық монеталар бағалы металдардан: алтын және күмістен жасалған. Олар шектеулі мөлшерде шығарылады. Олар төлем құралы болғанмен негізгі мақсаты – мәдени,  білім беру және инвестициялар. Еліміздің монеталары мен бонкноттары халықаралық жарыстарда бірнеше мәрте жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды.

Сонымен аталған шара күрделі саладағы тәжірибелі қызметкерлердің ауданның дамуына қосқан үлесін, олардың кәсіби жетістіктерін бағалауға, сала мамандарын еңбек етуге ынталандыруға бағытталды. Атап өтерлігі, мерекеге орай ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат – 30 жылдан аса қаржы саласындағы табанды еңбектің, жауапкершілік пен кәсіби шеберліктің лайықты бағасы.

Мұндай іс-шара Түркістан қаласында да өтті. Ондағы іс-шараны қала әкімінің орынбасары ашып, қаржы саласында еңбек етіп жүрген мамандарды кәсіби мерекемен құттықтады. Кездесу барысында Аманжол Бақытжанұлы қаржы бөлімдері мамандарының республикалық және жергілікті бюджеттердің жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз етудегі, мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі ашық жұмсалуын бақылаудағы рөліне тоқталды. Ол қаржыгерлердің әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың жүзеге асуына тікелей ықпал ететін жауапты қызмет атқаратынын атап өтті. Сөйтіп қала әкімінің атынан құттықтау жеткізген Аманжол Бақытжанұлы киелі Түркістанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерге қала әкімінің Алғыс хатын табыстады.

Арыс қаласы: Қала дамуында әрбір пікір, әрбір ұсыныс маңызды
Түркістан қаласында әлеуметтік нысан құрылысының жұмыс барысы зерделенді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу