Сарыағаш: Құрылыс жұмыстарында қарқын бар

Oinet.kz 21-11-2025 11

01-5-1-960x500-1.jpg

Сарыағаш ауданында елді мекендердегі көшелерді жөндеу, кәріс жүйесін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл құрылыс нысандарының жұмыс барысы аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тарапынан тұрақты бақылануда. Кешегі күні аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлымен бірге Қабланбек ауылдық округіндегі бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы мен сапасын тексерді.

Олар Сіргелі елді мекеніндегі ішкі көшелерге жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының сапасы мен орындалу мерзіміне ерекше назар аударды. Мұндағы нысан құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге нақты тапсырмалар беріліп, жұмыстардың белгіленген уақытта әрі талапқа сай аяқталуы қатаң бақылауда болатыны ескертті. Сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне техникалық қадағалауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.

Сіргелі елді мекенінің бірқатар көшелеріне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар Қапланбек ауылдық округіне қарасты Сіргелі елді мекеніндегі Қызқұдық, Есқұлов және Д. Спанов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Мұндағы жол құрылысы жұмыстарын «Bairkym Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Тапсырыс беруші – Сарыағаш аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Бұдан бөлек, Қызқұдық көшесінің бойына 1700 метр суағар , 985 метр ұзындықтағы жаяу жүргінші жолы салынып, 22 түнгі жарықшам орнатылған.

Сонымен қатар аудан әкімі Арман Абдуллаев Көктерек кентіндегі кәріз жүйесінің құрылыс жобасын талқылауға арналған жиынға қатысты. Мұнда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің кеңесшісі Ержігіт Шәріпбекұлы да келген болатын. Кенттегі талқылауда Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Көктерек ауылдық округінің әкімі Үміт Тұржанова, аудандық мәслихат депутаты Қылышбек Әділбеков, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Серік Қарақұлов, сондай-ақ «Сарыағаш-Аман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері жаңа кәріз жүйесі туралы пікірлерімен бөлісіп, жобаны кеңінен талқылап, құрылыс орнын аралады.

Облыс әкімінің кеңесшісі Көктерек кентіндегі кәріз жүйесінің құрылыс алаңында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен жақынырақ танысты. Бүгінгі күні нысанның құрылыс жобасына сәйкес жалпы аумағы 6036 метр құбыр жүйесі, бір сорғы станциясы, үш сарқынды су қабылдайтын камералар орнатылған. Оған қоса 4 резервуардың бетондау жұмыстары толық аяқталып, нысанның айналасы 455 метр қоршаумен толық қоршалған. Екі өрт сөндіру резервуары орнатылған.

Облыс әкімінің кеңесшісі Ержігіт Шәріпбекұлы аудан басшысына, нысан мердігеріне құрылыс жұмысын талапқа сәйкес жүргізіп, жобада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей тапсыруды міндеттеді. Жалпы ауданда жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстарына оң баға берді.

Ордабасы: Ауданға тартылған инвестиция 27 миллиард теңгеге жетті
Түркістанда егіс алқаптарына су жеткізуді жақсарту мақсатында каналдарды жаңғырту басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу