Түлкібас: Жаскешу, Балықты, Арыс және Машат ауылдық округтерінде атқарылған жұмыс көптің көңілінен ш

Oinet.kz 14-11-2025 2

_gluster_2025_1_27_9d154afd32c541668726f4a38db46fe8_1280x720.jpg

Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев кеше Жаскешу, Балықты, Арыс және Машат ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесіп, ондағы атқарылған жұмыстарды бірге талқылап, өзекті мәселелердің шешу жолдарын бірлесе қарады. Алдымен есеп беру жиыны Жаскешу ауылдық округінде бастау алды. Аудан әкімі округ тұрғындарынан түскен өтініштер негізінде атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен таныстырды.

Жалпы өткен есептік кезеңде округке қатысты 17 мәселе хаттамаға түзіліп, алдағы жұмыс жоспарына енгізілген. Бүгінгі таңда аталған мәселелердің 5-і орындалған, 5 мәселе орындалу үстінде, ал 7 мәселе қаржыға байланысты алдағы жылдың еншісіне қалып отыр. Аудан әкімі аталған мәселелердің барлығы жоспарда тұрғаның айтып, шешімін тапқанша бақылауда тұратындығын жеткізді. Енді округ аумағында атқарылған, іске асып жатқан жұмыстарға тоқталар болсақ, Жаскешу ауылында Тәжібаев және Демеуішов көшелеріндегі ескірген таза ауыз су құбырын ағымдағы жөндеу және Пістелі ауылындағы таза ауыз су ұңғымасына резервуар орнату жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ М.Бексейітов, Л.Демеуішов және Бесата көшелеріндегі таза ауыз су құбырлары ағымдағы жөндеуден өтті. Ал Жанұзақ елді мекеніндегі Жыланды өзенінен өтетін көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Амангелді және Наурыз көшелеріндегі тұрғын үйлерді газдандыру жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар, Асқар Сұлтанұлы басқосуды пайдаланып, округ тұрғындарын ауыл тазалығына жанашырлықпен қарауды сұранып, әкімдіктің ұйымдастыруымен әр жұма күні өтетін тазалық акциясына ат салысуға шақырды. Дәстүрлі жиында округке қарасты барлық елді мекендерден жиналған тұрғындар ауылды дамыту мақсатындағы ұсыныс-өтініштерін ортаға салып, аудан басшысы және жауапты мекеме басшылары тарапынан нақты жауап алды.

Келесі жиын Балықты ауылдық округінде жалғасты. Кездесу барысында округ тұрғындарына ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері баяндалған деректі фильм көрсетіліп, аудан әкімі округ кесіндісінде атқарылған жұмыстар және алдағы жылға белгіленген жоспарымен бөлісті. Мұндағы есептік кездесудің басым бөлігі сұрақ-жауап форматында өтті. Тұрғындар көтерген әр мәселеге Асқар Сұлтанұлы жауапты басшылармен бірге жеке-жеке жауап қатып, кейбір мәселені нысан басына барып, жауапты мамандармен сол жерде зерделеп, нақты шешім қабылданатындығың жеткізді.

Жалпы округ аумағында жыл басынан бері тұрғындардың өтінішіне сәйкес бірқатар мәселе өз шешімін тапқан. Атап айтсақ, бүгінгі күні Абай ауылдық клубына ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Көкбұлақта таза ауыз су ұңғымасын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда. Балықты, Көкбұлақ, Ұрбұлақ, Абай және Шарафкент ауылдарындағы көше жарықтары ағымдағы жөндеуден өтіп, Балықты ауылындағы Болашақ көшесіне электр бағаналары орнатылды. Сондай-ақ Болашақ көшесінде газ құбырын тарту жұмыстары жалғасуда. Абай ауылының Абай көшесі бойындағы Көкбұлақ өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары атқарылған. Шарафкент ауылдық клубының құрылысына тиісті құжаттар әзірленіп, қаржы қарау мақсатында тиісті салалық басқармаларға ұсынылған.

Арыс ауылдық округінде де атқарылған жұмыс көп. Округте атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ, биыл «Мақталы» фельдшерлік акушерлік пункті қолданысқа берілді. Сонымен қатар, Мақталы көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салынса, Керейт ауылындағы Әсілбекұлы, Мырзатай, Еркінбек, Амангелді, Өскенбайұлы, Тұрманұлы, Бәйтерек, Пернебекұлы көшелері және Мақталы елді мекеніндегі Байбосынұлы, Мұратбаев, Жамбыл, Утелбаев көшелеріндегі жарық шамдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Арыс өзенінің жағалауды бекіту және арнасын нығайту жұмыстарына қаржы бөлініп, қазіргі таңда мердігер мекемемен келісім шарт түзілуде. Керейт ауылының дамуына инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілетін болады.

Округ тұрғындары аудан басшысының ықпалымен атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, толғандырған ағын су және тағы басқа салаға қатысты сұрақтарын жеткізіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ал биыл Машат ауылында көп жылдан бері шешімін таппай келген таза ауыз су проблемасы шешімін тапты. Өткен жылдан өтпелі болып, округ орталығының тозығы жеткен су жүйесі толығымен жаңартылып, ел игілігіне пайдалануға берілсе, Қызылбастау және Еңбекші ауылдарының таза ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, Мыңбай  ауылын сапалы тіршілік нәрімен қамту мақсатында тісті құжаттар толық дайындалып, қаржы бөлдіру үшін салалық басқармаға ұсынылған. Бұл қуанышты жаңалықпен аудан әкімі Асқар Естібаев машаттықтар алдында берген есептік кездесуінде бөлісті.

Сондай-ақ биыл Машат ауылдық округіндегі тұрғындар тарапынан түскен өтініштер негізінде біраз жұмыс атқарылып отыр. Мәселен, жеке инвестор есебінен Қызылбастау ауылындағы медициналық тіректің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңға нысан жұмысы 95 пайызға аяқталған. Нысан осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал «Ауыл – Еел бесігі» жобасы аясында Машат ауылындағы Әбілдәбек, Мырзабаев, Бекбаев, Карибаев, Медетов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мыңбайда ауылдық клубты ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда. Енбекші ауылындағы Қайсенов көшесіне және Қызылбастау елдімекеніндегі Жандарбеков көшесіне қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілмек. Келесі жылы асфальт жабындысын төсеу үшін бюджеттік комиссияға ұсынылады. Машат ауылында Баймаханов көшесін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Машат және Арыс өзендерінің жағалауын нығайтуға, Мыңбай ауылындағы С.Сейфуллин көшесінің бойындағы Арыс өзенінің арнасын нығайту жұмыстарына қаржы бөлініп, қазіргі таңда мердігер анықтап, келісім-шарт түзу жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар округ кесіндісінде атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарын таныстырған аудан басшысы келер жылдың бюджетін қалыптастыру мақсатында округтегі көтерілген мәселелер назарға алынып, өзектілері бірінші кезекке қойылатындығын жеткізді. Округтің дамуы үшін маңызды жиында ауыл жанашырлары мен ақсақалдары көкейіндегі мәселелерін ортаға салып, аудан әкімімен сала мамандарынан қанағаттанарлықтай жауаптар алды.

Жиын соңы аудан әкімінің жеке қабылдауына ұласып, жеке мәселелерімен жүгінген тұрғындар өз өтініштерін аудан басшысына жеткізді.

Түркістан қаласы: Шаһардағы өзекті мәселелер қала әкімінің тұрақты бақылауында
Сарыағаш: Атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу