Челахқа үкім шығарған судья қызметінен босатылды
Алты жылға жуық Жамбыл облыстық сотын басқарған Ербол Ахметжанов Жоғары сот кеңесінің шешімімен қызметінен босатылды, деп жазады Оinet.kz.

Кеңес отырысында Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушыны лауазымынан босату мәселесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасының облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын тағайындау туралы ұсыныстары қаралды. Бұл туралы Жоғары сот кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов мәлімдеді.
Ербол Ахметжанов Жамбыл облыстық сотын 2020 жылдың ақпан айынан бері басқарған. Бұған дейін ол атышулы «Арқанкерген» ісі бойынша сот отырысына төрағалық еткен. 2012 жылы Владислав Челах Талдықорғандағы мамандандырылған ауданаралық әскери қылмыстық сотының үкімімен «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.
Сонымен қатар отырыста Астана, Алматы және Жамбыл облыстық соттарының төрағаларын тағайындау мәселесі қаралды. Бос лауазымдарға кандидаттар баламалы негізде ұсынылды. Талқылау нәтижесінде Жоғары сот кеңесі Жоғарғы сот төрағасының ұсыныстарын қолдап, тағайындауға кәсіби тәжірибесі мол, басқарушылық қабілеті жоғары судьяларды ұсынды.


