Полицейлер бейнебақылау жүйесін ретке келтірді

Oinet.kz 07-08-2026

Screenshot_15.jpg

Бүгінгі таңда қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету — мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі. Шынайы қауіпсіздік пен тыныштық тек қағаздағы заңдармен емес, азаматтар мен құқық қорғау органдары арасындағы шынайы сеніммен өлшенеді. Әсіресе, жергілікті жерлерде тұрғындардың арыз-шағымдарына дер кезінде үн қатып, түйіткілді мәселелерді шешу – полицияның беделін арттырудың ең басты құралы.

Осы орайда Шымкент қаласының тұрғыны Жаннұр Лесбекова құқық қорғау органдарына жүгініп, өзі күткен нәтижеге қол жеткізе алды. Құқық қорғау органдары оның өтінішін жерде қалдырмай, барынша заң аясында шешіп берді. Нақтырақ айтсақ, азаматша Теріскей шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде бірнеше ай бойы шешімін таппай келген бейнебақылау камераларының жұмысына қатысты мәселені көтерген болатын. Қалалық полиция департаментінің басшысы Мұхтар Жұмабайұлымен 65-мектепте өткен ашық кездесуде тұрғын өзін мазалаған уәжін тікелей жеткізді.

Нәтиже көп күттірген жоқ. Жергілікті полицияның оперативті әрі жүйелі іс-қимылының арқасында санаулы күндер ішінде ауладағы бейнебақылау камералары толықтай ретке келтіріліп, іске қосылды. Тіпті, тексеріс барсында істен шығып тұрған басқа да камералар анықталып, олар да қайта жөндеуден өтті. Бұл – жай ғана техникалық мәселені шешу емес, тұрғындардың өз ауласында өзін қауіпсіз сезінуіне жасалған нақты қадам. Осының арқасында тұрғындардың полицияға деген сенімі мен құрметі одан әрмен артты. 

Бүгінгі таңда «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстану полиция қызметкерлерінен жоғары кәсібилікті, жеделдікті және халықпен ашық диалог орнатуды талап етеді. Азаматтардың өтінішіне бейжай қарамау, уәдені сөзбен емес, іспен дәлелдеу – полицияның беделін өсіретін негізгі фактор.

Аула тыныштығын қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауда заманауи технологиялар мен азаматтық белсенділіктің бірге жұмыс істеуі маңызды. Шымкенттегі бұл жағдай халық пен полиция арасындағы сындарлы диалогтың тиімділігін көрсетті. Азаматтар өз мәселелерін ашық айта алса, ал полиция өкілдері оны жедел шешсе, қоғамда заңға деген құрмет пен тәртіпке деген сенім нығая түседі.Құқық қорғау органдарының халық үніне құлақ асып, сапалы қызмет көрсетуі – елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың берік кепілі.

Қоғамдық тәртіпке – тұрақты бақылау
Азаптаудың алдын алу мәселелері талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу