Еліктіргіш есірткіден аулақ болуға шақырды

Oinet.kz 08-08-2026

Screenshot_17.jpg

Қазіргі цифрлық қоғамда кісі танымайтын алаяқтардың құрығына түсу өте оңай, әсіресе қаржылай таршылық көріп жүрген жастар мен студенттер үшін бұл үлкен қауіпке айналуда. Мемлекет деңгейінде белсенді жүргізіліп жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында киберқылмысқа, оның ішінде «дропперлік» әрекеттерге қарсы күрес шиеленісе түсті.

Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер мен Telegram арқылы «банк картаңды жалға беріп, оңай табыс тап» деген ұсыныстар жиілеп кетті. Басқа біреудің банк картасы арқылы ақша айналдырып, ол үшін тәулігіне 10-15 мың теңге көлемінде сыйақы беру туралы уәделер – алаяқтардың ең басты арбауы. Алайда, бұл арам пиғылды іс-әрекеттердің артында миллиондаған заңсыз қаржыны "жуып-шайу" операциялары тұрғанын көбі түсіне бермейді.

Жақында Шымкент қаласында жатақханада тұратын 1-курс студенті өзінің басынан өткен оқиғаны қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне баяндап берші. Және ол әлеуметтік желіде жарияланды. Жігіттің айтуынша, ол қаржыдан қысылып, белгісіз нөмірден келген «оңай табыс» ұсынысына келіседі. Үш күн ішінде оның банк картасы арқылы 15 миллион теңге айналдырылып, студент 300 мың теңге көлемінде заңсыз табыс алады. Ал арада он күн өткенде оның есігін полиция қызметкерлері қағады. Заң тұрғысынан алғанда, өз картасын заңсыз транзакциялар үшін берген азамат автоматты түрде алаяқтық қылмыстық топтың сыбайласы, яғни «дроппер» болып танылады.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, «заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды». Бұл – заң үстемдігінің негізгі қағидасы. Біреудің ақшасын картаңыз арқылы өткізіп беру заңсыз қылмыстық схеманың тікелей қатысушысы болу деген сөз. Нәтижесінде, аңғалдық пен білімсіздіктің кесірінен жастар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, өз болашағына балта шауып жатады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Полиция мына кеңестерді есте сақтау керектігін айтады. 

Жеке деректер мен банк карталарын ешкімге бермеңіз. Картаңызды жалға беру, сату немесе бөгде біреудің ақшасын аударып беру — заңға қайшы.

Күмәнді ұсыныстардан бас тартыңыз. Тегін немесе «ауырмай табатын» ақша болмайды.

Бөгде нөмірлерді бұғаттаңыз. Бөгде тұлғалар ақша ұсынса немесе картаңызды сұраса, оларды бірден бұғаттап, полицияға хабарлаңыз.

Азаптаудың алдын алу мәселелері талқыланды
Әуеге оқ атқан бұзақы жазаға тартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу