Түркістан облысының «Мамандандырылған базасында» мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізіл
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасына қарасты «Мамандандырылған базасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.
Бақылау барысында 2026 жылғы тамыз айында мемлекеттік сатып алудың веб-порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алу рәсімі зерделенді.
Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты мемлекеттік тілде орналастыру талаптарының сақталмағаны анықталды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшелігі веб-порталда қазақ тілінде орналастырылмаған.
Анықталған бұзушылықты жою мақсатында Департамент тарапынан мемлекеттік мекемеге тиісті хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу құжаттамасын белгіленген талаптарға сәйкестендіру тапсырылды.
Қазіргі уақытта ұйымдастырушы тарапынан Департаменттің жолдаған хабарламасы толық көлемде және тиісті дәрежеде орындалып, анықталған бұзушылық жойылды.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын, заңдылығын және белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етудің тиімді тетіктерінің бірі болып табылады.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы Б.Мақашов


