Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде мемлекеттік сатып алу талаптары сақталуы қамтамасыз
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Түркістан облысының білім басқармасына қарасты «Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.
Бақылау барысында 2026 жылғы тамыз айында мемлекеттік сатып алудың веб-порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алу рәсімі зерделенді.
Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшелігін әзірлеу кезінде белгіленген талаптардың сақталмағаны анықталды.
Атап айтқанда, тапсырыс беруші техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауарларға қойылатын талаптарды айқындау кезінде ұлттық немесе мемлекетаралық Анықталған бұзушылықты жою мақсатында Департамент тарапынан білім беру ұйымына тиісті хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу құжаттамасын белгіленген талаптарға сәйкестендіру тапсырылды.
Қазіргі уақытта ұйымдастырушы тарапынан Департаменттің жолдаған хабарламасы толық көлемде және тиісті дәрежеде орындалып, анықталған бұзушылық жойылды.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің заңдылығын, ашықтығын және белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етудің тиімді тетіктерінің бірі болып табылады.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы Б.Мақашов


