Түркістан қаласындағы №14 мектептің мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді

Oinet.kz 07-09-2026

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Түркістан облысының білім басқармасына қарасты Түркістан қаласы білім бөлімінің «№14 Қазыбек би атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында 2026 жылы мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімі зерделенді.

Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде тауарларды олардың біртекті түрлері және жеткізу орны бойынша тиісті лоттарға бөлу талаптарының сақталмағаны анықталды.

Атап айтқанда, тапсырыс беруші электр тауарлары, шаруашылық тауарлары және кеңсе тауарлары сияқты біртекті емес тауарларды жеке лоттарға бөлмей, бір сатып алу шеңберінде жоспарлаған.

Бұл жағдай мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер арасында бәсекелестікті шектеу тәуекелін туындатуы мүмкін.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында Департамент тарапынан білім беру ұйымына тиісті хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру бойынша тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алуды тиімді жоспарлауға, бәсекелестікті дамытуға және мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды тетік болып табылады.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

бас маманы  Б.Мақашов

В Туркестанском высшем многопрофильном колледже обеспечено соблюдение требований государственных зак
В отношении процедуры государственных закупок школы №14 в городе Туркестане проведен камеральный кон
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу