Арыс қаласында мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылық анықталды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.
Бақылау барысында 2026 жылы мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімі зерделенді.
Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асыру кезінде біртекті жұмыстардың жылдық көлеміне қатысты талаптардың сақталмағаны анықталды.
Атап айтқанда, тапсырыс беруші «Жергілікті жылу құбырларын/жылу желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары» бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған. Сонымен қатар, осыған ұқсас жұмыстардың басқа мемлекеттік сатып алу Нәтижесінде біртекті жұмыстардың жылдық көлемі белгіленген шектен асып кеткеніне қарамастан, оларды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүзеге асырылған.
Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында Департамент тарапынан білім бөліміне тиісті хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру бойынша қажетті шаралар қабылдау талап етілді.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің заңдылығын қамтамасыз етуге, бәсекелестікті қорғауға және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған маңызды тетік болып табылады.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы Б.Мақашов


