Түркістан облысындағы мектеп-интернаттың мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілд

Oinet.kz 07-09-2026

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Түркістан облысының білім басқармасына қарасты «№5 Жамбыл Қаппаров атындағы мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында 2026 жылы мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімі зерделенді.

Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру талаптарының сақталмағаны анықталды.

Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшелігі мемлекеттік сатып алудың веб-порталында қазақ тілінде орналастырылмаған.

Анықталған бұзушылықты жою мақсатында Департамент тарапынан білім беру ұйымына тиісті хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру бойынша қажетті шаралар қабылдау талап етілді.

Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын, заңдылығын және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды тетік болып табылады.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

бас маманы  Б.Мақашов

В городе Арыс выявлено нарушение в процедуре государственных закупок
В отношении процедуры государственных закупок школы-интерната проведен камеральный контроль
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу