Бәйдібек ауданында мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылық анықталды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Түркістан облысының білім басқармасының Бәйдібек ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.
Бақылау барысында 2026 жылғы тамыз айында мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімі зерделенді.
Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастыру талаптарының сақталмағаны анықталды.
Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшелігі веб-порталда орыс тілінде орналастырылмаған.
Анықталған бұзушылықты жою мақсатында Департамент тарапынан Бәйдібек ауданының білім бөліміне тиісті хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру бойынша қажетті шаралар қабылдау талап етілді.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы ақпараттың қатысушылар үшін қолжетімді болуына бағытталған маңызды тетік болып табылады.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы Б.Мақашов


