№3 облыстық перинаталдық орталықтың мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді

Oinet.kz 07-09-2026

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№3 Облыстық перинаталдық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында 2026 жылғы шілде айында мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімі зерделенді.

Камералдық бақылау барысында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде рұқсат беру құжаттарының болуына қойылатын талаптарды белгілеу мәселесіне назар аударылды.

Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудың нысаны «Электр энергиясын есепке алу жабдықтарын/аспаптарын орнату (монтаждау) жұмыстары» болған. Аталған жұмыстарды орындау үшін тиісті рұқсат беру құжатының болуы талап етіледі.

Алайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілерге және тартылатын қосалқы мердігерлерге тиісті рұқсаттың немесе хабарламаның болуына қойылатын талапты белгілемегені анықталды.

Мұндай талаптың көрсетілмеуі мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысушылардың жұмыстарды орындауға қажетті рұқсаттарының болуын тиісті деңгейде қамтамасыз етуге кері әсер етуі мүмкін.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында Департамент тарапынан «№3 Облыстық перинаталдық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тиісті хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін белгіленген талаптарға сәйкестендіру бойынша қажетті шаралар қабылдау талап етілді.

Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің заңдылығын қамтамасыз етуге, сапалы әрі қауіпсіз жұмыстарды орындауға қажетті талаптардың сақталуын бақылауға және мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды тетік болып табылады.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

бас маманы  Б.Мақашов

В Шардаринском районе проведен камеральный контроль процедуры государственных закупок
Проведен камеральный контроль процедуры государственных закупок областного перинатального центра №3
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу