Қазығұрт ауданында мемлекеттік сатып алу рәсімінде кемшілік анықталды

Oinet.kz 07-09-2026

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында 2026 жылғы шілде айында мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімі зерделенді.

Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын рұқсат беру құжаттарының болуына қатысты талаптардың сақталмағаны анықталды.

Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудың нысаны «Өрт-күзет дабылын және өрт сөндіру жүйелерін техникалық қызмет көрсету қызметтері» болып белгіленген. Аталған қызмет түрін көрсету үшін тиісті рұқсат беру құжатының болуы талап етіледі.

Алайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілерге және тартылатын қосалқы мердігерлерге тиісті рұқсаттың немесе хабарламаның болуына қойылатын талапты белгілемеген.

Мұндай талаптың көрсетілмеуі қажетті рұқсаттары бар білікті өнім берушілерді айқындау кезінде тәуекелдер туындатып, мемлекеттік сатып алу рәсімінің сапалы әрі талаптарға сәйкес өткізілуіне кері әсер етуі мүмкін.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында Департамент тарапынан Қазығұрт ауданының білім бөліміне тиісті хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу рәсімін белгіленген талаптарға сәйкестендіру бойынша қажетті шаралар қабылдау талап етілді.

Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің заңдылығын қамтамасыз етуге, білікті өнім берушілердің қатысуына жағдай жасауға және мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтық пен тиімділікті арттыруға бағытталған маңызды тетік болып табылады.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

бас маманы  Б.Мақашов

В Казыгуртском районе выявлено нарушение в процедуре государственных закупок
В Казыгуртском районе выявлен недостаток в процедуре государственных закупок
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу