Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды

Oinet.kz 31-08-2020 1167

20170607191446.jpg

Түркістан облысының әкімінің зорлық-зомбылықты болдыпмау және тұрғындар қауіпсіздігін басты назарда ұстау туралы тапсырмасын орындау тәртіп сақшыларының міндеті. Сондай бір зорлықшыны Қазығұрт ауданының полицейлері жергілікті тұрғынды ұрып-соққаны үшін ұстады. 
Қазығұрт АПБ-не ауруханадан жергілікті тұрғын жеңіл дене жарақаттарымен қаралғаны жөнінде хабарлама келіп түседі. Ақпарат алысымен полицейлер тез арада іске кірісті. Полицейлердің анықтауынша кешкі уақытта жәбірленуші жас жігітті дүкен жанында белгісіз ішімдік ішкен ер азамат себепсізден-себепсіз ұрып-соғып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 
Қазығұрт аудандық полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жинақталған ақпарат көздері сараланып, нәтижесінде күдіктініңжеке-басы анықталды.Осылайша1 тәулік ішінде ол ұсталды. Ұсталған азамат өзінің бұзақылы қәрекетін толығымен мойындады. Бас шарасы "ешқайда кетпеу туралы міндеттемеде". Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде. 
Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға барынша сақ болуды ескертеді. Қоғамдық тыныштықты бұзбауға шақырады. Егерде осындай бұзақылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, уақыт өткізбестен, тез арада полицияның "102" телефонына хабарласыңыздар.

Алаяқтық жасаған әйел жазадан құтылып кете алмады
Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу