Карантин талаптарын бұзудың 7000-ға жуық жайтын анықтады

Oinet.kz 03-02-2021 1118

Өткен жылдан бері әлемді жайлаған пандемиямен күрес әлі де жалғасуда. Сондықтан Түркістан облыстық Бас санитар дәрігерінің қаулысын бұзғандарды жауапқа тарту туралы тапсырманы арнайы құрылған мобильді топтар жүзеге асырып келеді.

Қала, аудандық полиция құрылымдарымен құрылған 50-ден астам мобильдік топтармен ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы, яғни карантин режимін бұзған 7000-ға жуық дерек анықталып, іс-құжаттар тиісті органға жолданды. 

Түркістан облыстық полиция қызметкерлері әлі де қатаң түрде ескертеді: індеттің қауіптілігіне байланысты шектеу шараларын ұстап, өздеріңіздің саулықтарыңызға мұқият болуыңыздар. Той-жиын, басқосу мен көкпар ойындарын ұйымдастырудан және оларға қатысудан бас тартыңыздар. Өз басыңызды қауіп-қатерге итермелемеу үшін медициналық бетперде тағып, арақашықтықты сақтауға тырысыңыздар. Пандемия бұл уақытша, сол үшін сабыр сақтап, заңға бірдей бағынайық – деп кеңес береді.


Табиғат таңғажайыптары
Жасөспірімдермен жұмыс жалғасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу