Ауғанстан азаматы «қазақпын» деп мемлекет есебінен пәтер алған

Oinet.kz 06-02-2026

Павлодар облысына көшіп келген Ауғанстан азаматы өзін қазақ ұлтының өкілі ретінде көрсетіп, жалған мәліметтер мен құжаттар ұсыну арқылы қандас мәртебесін алып, мемлекеттік квотаға қол жеткізген. Бұл туралы Оinet.kz  хабарлайды.

image.png

Облыстық прокуратураның мәліметінше, қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында мүлікті тәркілеу жөнінде сотқа дейінгі өндіріс басталған.

"Тергеу барысында Ауғанстан Республикасының азаматы өзінің қазақ ұлтына жататыны туралы жалған мәліметтер мен құжаттар ұсыну арқылы әлеуметтік төлемдерді заңсыз алғаны анықталды. Аталған қаражат құны 20 миллион теңге болатын пәтер сатып алынған. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға жол бермеу мақсатында прокуратура органдарының өтініші бойынша сот мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады", – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Алайда сот актісі әзірге заңды күшіне енген жоқ. Алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жанабыловтар үйқамаққа алынды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу