Түркістан облысында кортеж ұйымдастырғандар ұсталды

Oinet.kz 27-03-2026

Жыл басынан бері Түркістан облысында заңсыз той кортежіне қатысты бес дерек тіркелген. Әрбір жағдайда құқық бұзушыларға тиісті шаралар қолданылып келеді, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Соңғы осындай оқиғалардың бірі Төлеби ауданына қарасты Ленгер қаласының орталық көшелерінде орын алды. Бұл жолы да жол қозғалысы ережелерін елемеген жүргізушілер полиция назарынан тыс қалмады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, арнайы қызмет көліктеріне арналған жарқылдауық шамдарды заңсыз орнатқан және жолда қауіпті маневр жасаған автокөліктерді қысқа мерзім ішінде анықтаған.

Нәтижесінде Toyota Camry және ВАЗ-21115 маркалы көліктер тоқтатылып, жүргізушілердің заң талаптарын бұзғаны дәлелденді. Оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, көліктер айыптұраққа қойылды.

Сонымен қатар, құқық бұзушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы ескертілді. Полиция өкілдері мұндай әрекеттердің өзге қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретінін атап өтті.

Басынан тепкен. Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу