Өз балаларын ұрып-соғып, үтікпен күйдірген шымкенттік ана жазаға тартылды

Oinet.kz 27-03-2026

Шымкентте төрт баланың анасы балаларын азаптағаны үшін ата-аналық құқығынан айырылды, деп хабарлайды Оinet.kz.

 image.png

2026 жылдың қаңтарында әлеуметтік желілерде  денелері көгерген және күйік іздері бар балалардың  видеосы тараған болатын. Кейін анықталғандай, барлық жарақаттарды балалардың өз анасы жасаған.

Видеода айтылғандай, әйел ұл мен қызына қатты соққы жасап, денелеріне ыстық үтік тигізген. Сондай-ақ, ол үлкен қыздың шашын қиып, баланың аузына ыстық шанышқы тигізген және суық суға батырып қорлаған. Балалардың психологиялық және физикалық жағдайлары ауыр деп бағаланған.

Балалардың бірі — 11 жаста болса, екіншісі 9 жаста. Соңғы уақытта  олар мектептке бармаған соң, мұғалім үйіне іздеп келген. Педагог балалардың сұмдық жағдайын көріп,  дереу полицияға хабарлаған. Тексерістен кецін  29 жастағы әйел қамауға алынды.

Жақында Шымкенттің кәмелетке толмағандар істері бойынша арнайы ауданаралық соты білім басқармасының талап арызын қарады. Сот әйелдің балаларға қатыгездік жасағанын растады және ата-аналық құқықтарын шектеу туралы шешім шығарды.

Балалардың әкесі шетелде болғанымен, болған жағдайдан хабардар.

Сонымен қатар, анаға қатысты қылмыстық іс жүргізіліп, балаларға қатыгездік жасау және азаптау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.


Түркістан облысында кортеж ұйымдастырғандар ұсталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу