Қостанайда жоқ мал үшін субсидия алғандар сотталды

Oinet.kz 07-04-2026

Қостанай соты «BEEFSTREAM» және «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС директорлары мен қызметкерлерінен, шаруа қожалықтары мен ветеринар дәрігерлерден құралған қылмыстық топты құрықтады. Айыпталушылар 5–14 жыл бас бостандықтарынан айырылды, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Қылмыстық топ жоқ мал үшін субсидия алып, 2,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Құжаттарды қолдан жасап, малды нақты есепке алмай, қаражатты өзара бөліп алған.

Сот азаматтық талаптарды қанағаттандырды, сотталғандардың мүлкіне қойылған тыйым сақталады. Мысалы, «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС есепшотындағы 1,3 млн доллар, 4 мың еуро және 600 млн теңгеден астам қаражат мемлекет кірісіне қайтарылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қостанай облысында кәсіпкерді бопсалап, 20 млн теңге сұраған блогер сотталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу