Зайсандағы атыс: күдіктілер «ізін суытпай» қолға түсті

Oinet.kz 10-04-2026

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында болған атыс салдарынан 21 жастағы жігіт ауыр жарақат алды. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі адам жедел түрде ұсталды, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Әлеуметтік желілерде 8 сәуірге қараған түні Зайсанда атыс болғаны туралы ақпарат тараған. Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз екі адам жас жігітке оқ атып, оны арқасынан жаралаған. Зардап шеккен азамат бірден аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Кейін оның жағдайына байланысты санавиация арқылы Өскемен қаласына жөнелтілгені белгілі болды.

Оқиғадан кейін күдіктілер бой тасалап үлгерген. Іздеуге жарияланғаннан кейін  көп ұзамай олар  ұсталды.

image.png

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша кісі өлтіруге оқталу фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Танымал журналист жалған ақпарат таратқанын мойындап, кешірім сұрады
«Анам қайтыс болды, балам ауырып жатыр». Астанада декреттегі әйел жұртты алдап ақша жинаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу