Подъезде балта ұстаған ер адам тұрғындарды шошытты

Oinet.kz 13-04-2026

 Астана қаласында  тұрғын үй кешеннің подьезінде  балта ұстап жүрген ер тұрғындарды шошытты.  Бұл видео әлеуметтік желілерде тараған.  Кейін полиция күдіктінің жеке басын жедел анықтап, оны бөлімшеге жеткізген, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға ер адамның танысының пәтерінде болған. Сол жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан, ал ер адамдар бірге алкоголь ішкеннен кейін оның мінез-құлқы өзгеріп, қолына құрылыс құралын алған.

Тәртіп сақшылары құқыққа қайшы әрекетті дер кезінде тоқтатқан. Подъезде жүрген сәтінде ер адам әйнекті сындырып, өзі жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетілді, ал басқа тұрғындар зардап шекпеген.

Аталған дерек бойынша оған қоғамдық орында мас күйінде жүру және ұсақ бұзақылық баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды. Қазір ол Астана қаласы полиция департаменті арнайы қабылдау орнында отыр.


«Анам қайтыс болды, балам ауырып жатыр». Астанада декреттегі әйел жұртты алдап ақша жинаған
Яна Легкодимованы өлтіргендерді тасымалдау үшін Ұлттық ұланның арнайы жасағы сұралды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу