Қысым көрсетіп, ақша талап еткен: Шымкентте қылмыстық топ әшкереленді
Шымкентте бопсалаумен айналысқан күдікті топтың әрекеті әшкереленді.

Полиция мәліметінше, күдіктілер жергілікті тұрғыннан «зиянды өтеу» деген сылтаумен ақша талап етіп, оған психологиялық қысым көрсеткен.
Бұдан бөлек, олар иесіне қайтарылған екі автокөлікті заңсыз иемденгені белгілі болды.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктілер 3 000 АҚШ долларын алу үстінде ұсталды.
Қазір төрт адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


